Жеке сайт

Пікір-ойым
Патшалар және құлдар.       

       «Қазақстанның демокартиялық таңдауы» қозғалысының мүшелері арасында Әблязовты пір тұтатындар көп екенін байқадым. Олар оған тамсанады, оның адалдығы үшін ант етеді, ол үшін өз өмірін беруге де дайын. Ол елдің басшысы да болып үлгерген жоқ, қуғынға ұшыраған оппозиционер ғана. Ол билік басына келсе не болады?!

       Дегенмен адамдар өзгермейді екен!

       Эстрада әншілері мен футбол жұлдыздарына есі кетіп жанкүйер болатындармен қатар бұл адамдарды ұлы қолбасшылардың жанкешті сарбаздарына, патшасына жан-тәнімен берілген құлдарға ұқсатамын.
       Қашан біз өзгереміз? Қашан тамсанып, бірақ қорланбайтын, біреудің соңынан еріп, жағымпазданбайтын, қызмет көрсетіп, бірақ жарамсақтанбайтын боламыз? Қашан адамдарды патшаларға және қызметшілерге, құдайларға және құлдарға бөлуді тоқтатамыз? Беделді көшбасшыны өзара тең адамдардың арасынан ең біріншісі деп санайтын боламыз? Өзін-өзі кемсітудің...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

«Хайп» деген не?       

       Бұл шетел сөзі, дау-дамайды, у-шуды, қызу пікірталасты, жаппай талқылауды, жанжалды, мазасыз жарнаманы, эмоциялық қозуды және т.б. білдіреді.

       Хайп коммерциялық, әлеуметтік, саяси болады.

       Коммерциялық хайп қандай да бір тауарға, тұлғаға немесе компанияға деген қызығушылықты арттыру үшін көтеріледі. Мысалы, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанда «KСell» және «Tele2» компаниялары арасындағы билбордтар соғысы түріндегі әжептәуір хайп ойнатылды. Бұл шу екі компания үшін де сәтті болып, олардың танымалдылығын арттырып, клиенттер санын көбейтті.

       Жағымсыз хайптар да болады. Мысалы ұятты жерлерін пилоткалармен жауып, жартылай жалаңаштанған стюардессалармен жасалған сәтсіз жарнама тапсырыс берушінің беделіне зор нұқсан тигізді.

       Жасанды, ойдан шығарылған хайптар да болады. Мысалы, танымал эстрадалық әншілер кейде өздерінің ажырасуы мен татуласуы, күйеулеріне алып берген тоқалдары...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Блогердің еншісі.       

       Ол блогер боламын деп шешті.

       Не жазарымды, қашан жазарымды өзім білемін, халықты таң қалдырамын, халық мені жақсы көретін, пікіріме құлақ асатын болады, маған жағымпазданатындар да табылады деп ойлады.

       Ақыры ол блогер болды.

       Бірақ оқырмандарына қалай жағымпаздана бастағанын, олардың пікіріне тәуелді болып қалғанын байқамай да қалды.

 

 


Талдау 0                        
Бөлісу  

Жұмысыңызға деген махаббатыңызды анықтау тесті.       

       Сүйікті ісіңізбен айналысып жүрсіз бе әлде жоқ па деген сауалға жауап тапқыңыз келсе, келесі жағдайды елестетіп көріңіз. Сізге жалақыңызды төлеп, бірақ жұмысқа шықпауыңызға рұқсат берді делік.

       Осындай шарт қойылса, жұмысқа шығар ма едіңіз?

       Иә десеңіз, құттықтаймын! Сіз сүйікті ісіңізбен айналысасыз.


Талдау 0                        
Бөлісу  

Таңғажайыптарды менсінбеу.       

       Мен 21 ғасырдағы көкірегі ояу адамдар шамдағы «өзі жанатын от», «жұпар иісті» иконалар, «киелі су» сынды «қасиетті құбылыстарға» салқынқанды қарайды деп ойлаймын.

       Олар бұл құбылыстарға белгілі бір адамдар ат салысатынын біледі. «Берекелі отты» кім жағатынын, иконадағы «жас тамшылары» қайдан пайда болатынын, «киелі су» неге бүлінбейтінін түсінетін олар, басқалар үшін бұл «ертегінің» жалғаса беруіне кедерге келтіре қоймайды. Аяз атаның жоқ екендігін білгенмен, ертегіге сенуді жалғастыра бергенмен бірдей ғой.

       Тек дін қызметкерлері «ғажайыптарын» дәлелдеуде артық кетіп қалмаса болды.

        https://news.israelinfo.co.il/kaleidoscope/71086

 

 

 


Талдау 0                        
Бөлісу  

Өзіне иелік ету еркіндігі.       

       Қазақстандық заң бойынша тірі адамға өз ағзаларын ақшаға сатуға тыйым салынған және бұл заңмен жазаланады. Сондай-ақ, тірі адамнан ағзаларды сатып алу тыйым салынған. 
       Менің ойымша, осындай тыйым еркін қоғамның негізін құрайтын қағидаға - тұлғаның өз денесіне жəне өз өміріне өз еркімен иелік ету құқығына қайшы келеді. 
       Біздің Конституциямызда біз мемлекеттің жоғарғы құндылығы адам, оның құқықтары жəне еркіндігі екенін айттық. Онда неге біз, қоғам адамның өзіне иелік етуіне қарсы тұрып, олардың орнына шешім қабылдаймыз? Егер біз тұлғаның еркіндігін құрметтейтін болсақ, онда адамдарға өздерінің денесіне иелік етуге, тіпті зинақорлықпен айналасуға рұқсат беруіміз керек.

       Егер біз адамның өзінің денесіне иелік ету құқығын мойындайтын болсақ, онда эвтаназияға да рұқсат беруіміз керек....  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Орыс тілді қазақ.       

       Мен – орыс тілді қазақпын.

       Ленинск (Байқоңыр) атты орыс қаласында дүниеге келдім, орыс мектебінде оқыдым, жоғары білімді орысша алдым, жұмысымда да орыс тілді орта болды.

       Қазір де орысша ойлаймын, маған ойымды орысша жеткізген жеңіл.

Қазақстанда барлығы орысша сөйлеп, орыс тілінің қолданыс аясы тарылмағаны маған ыңғайлы болар еді.

       Бірақ...

       Тілі орысша болса да қазақтың көңілінде өз ұлтына, тіліне, халқына деген алаңдаушылық болу керек қой.

       Неге туған елінде менің қандастарымның құқықтары шектелу керек? Неге мемлекеттік органдарда қазақша қызмет ала алмайды? Неге қазақша сөйлеп, кез келген дүкенде қалаған заттарын сатып ала алмайды? Неге кез келген дәріханада рецептін қазақша айта алмайды?

       Қазақстанда қазақ тілінде сөйлеуге деген ықылас неге ұлтаралық алауыздық тудыру деп бағаланады?

       Өзге...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Тұрақтылық сенімділіктің белгісі.       

       Өз телефон нөмірлерін жасыратын немесе жиі ауыстыратын, аватарка қоймайтын, өзінің желіде болуын көрсетпейтін, хабарламаның оқылғаны туралы белгіні өшіретін адамдарды ұнатпаймын.

       Осындай әрекеттерде қандай-да бір жасырын іс, қулық, айлакерлік бар.

       Мен осындай адамдарға сенбеймін.

       Маған адал, ашық, турашыл адамдар ұнайды.

       Оларға сенім артуға болады.

       Олар өтірік айтпайды, алдамайды, сатып кетпейді.


Талдау 0                        
Бөлісу  

Екіншілердің жеңісі.       

      Бірде қалыптасқан нарыққа жаңа комапаниямен енуге бел буған батыл бизнесмен былай депті: «Иә, нарық толы. Бәрімізге бірдей орын табылмас, біреуге нарықтан кетуге тура келеді. Бірақ… мен кетуім керек деп кім айтты?».

       http://www.forbes.ru/milliardery/357335-tektonicheskaya-platforma-forbes-priznal-pavla-durova-dollarovym-milliarderom


Талдау 0                        
Бөлісу  

Сүреңсіз емес ислам.       

       Біздің қоғамда мұсылмандар мен басқа азаматтар арасында салқындықтың бары өкінішті.

       Көпшілік мұсылмандарды дұғаларын кібірлеуден шаршамайтын тұйық адамдар деп қабылдайды. Әдетте олар ұзын сақалды, шолақ балақты болады немесе қара паранджа киіп жүреді.

       Мұсылмандардың бұл бейнесі олардың айналадағылармен қарым-қатынасын қиындатады. Бұл жағдай қоғамдағы төзімділікке де кері әсер етеді.

       Мен, атеист болсам да, дінге қатысты көзқарастары әр түрлі адамдар арасында сыйластықтың болғанын қалаймын. Мұсылмандар, христиандар, буддисттер және атеисттер тату болғанын армандаймын.

       Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады?

       Мысалы, мен айналадағылардың пікірін түсіндіру арқылы өзгертуге тырысамын.

       Елден ерекше жол таңдайтын адамдар болады. Олар өздерінің үлгісімен мұсылман қыз-келіншектердің сыртқы келбетіне деген қоғамның көзқарасын өзгертуге ат салысып жүр.

       Бірде олар «Неге мұсылман әйелдері төмен қарап жүру...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

        1 2 3 ... 33