Жеке сайт

Облако тегов
Пікір-ойым
Білімнің аздығы.       

       Алған білімнің бір кемшілігі бар – одан арыла алмайсың.

       Бірде сен Жердің домалақ екенін біліп қойсаң, ал сені қанша азаптаса да, өртеп жібермек болса да, ойыңнан бас тартуға мәжбүрлесе де, бәрібір  «Жердің айналатынын» санаңнан өшіре алмайсың.

 

 

 

 


Талдау 0                        
Бөлісу  

Қазақстанның ұлттық және тілдік моделі.       


       Менің пайымдауымдағы Қазақстанның ұлттық және тілдік моделі.

       Қазақстан көпұлтты мемлекет болып қала береді. Ұлты мен нәсіліне қатысты ешкімге қысым көрсетілмейді. Дүние есігін ашарда ұлтын ешкім таңдай алмайды, сондықтан адамның ұлты ешқандай артықшылық та, кемшілік те емес.

       Қазақстанда барлық этностар мойындалып, құрметке ие болады. Диаспоралардың ұлттық-мәдени орталықтары болады, олар этникалық ерекшеліктерін сақтап қала алады, бірақ мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ ұлтының мәдениетіне басымдылық беріледі. Бұл жерде ресейлік татарларды, шешендерді, якуттарды немесе тегі алжирлік, марокколық француздарды мысалға келтіруге болады.

       Мемлекеттік тіл қазақ тілі болады.

       Кез келген ұйымда мемлекеттік тілде қызмет алуға мүмкін болады. Ұйымдарға басқа тілде қызмет көрсетуге рұқсат беріледі, бірақ міндеттелмейді.

       Барлық мемлекеттік ұйымдардың жиындары мен құжаттары қазақша жүргізіледі. Мемұйымдар...  ары қарай оқу


Талдау 0                        
Бөлісу  

Біз.       


       Біреулер Ресейге қосылып, Кеңес үкіметін қайтаруды аңсайды. Ұлы держава құрамында болып, бар әлем бізден сескенетін болса ғой деп армандайды.

       Басқалары тілі мен ділі жақын Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан елдерімен одақтасып, түркі әлемінде өмір сүргісі келеді.

       Үшіншілері болса, Сауд Арабиясы, Иран, Пәкістан, Түркия, Египет елдерімен бірігіп, ислам халифатын құруды қалайды.

       Бізден ешкім қорықпасын, ұлы держава да болмай-ақ қояйық, бірақ ешкімге жалтақтамайтын, еңсесі биік тәуелсіз ел болғанымызды қалар едім. Еліміздің білімді, ниеті таза әрі белсенді азаматтары артық у-шусыз Отанымызды көркейту үшін аянбай еңбек ететін болса, бізге ешкіммен одақтасудың да, бірігудің де қажеті жоқ. Бәрі біздің қолымызда.

 

 

 


Талдау 0                        
Бөлісу  

«Қызанақ» әдісі.       


       Жақында «Қызанақ» деп аталып кеткен әдісті қолданып көруге бел будым. Жұмыс уақытын ұйымдастырудың бұл әдісі  өзгелердің жоспары мен жүмыс кестесіне тәуелсіз фрилансерлер мен бизнес басшыларына өте ыңғайлы.

       «Қызанақ» әдісі негізі төмендегідей: өз жұмыс күніңізді қысқа тең аралықтарға бөлесіз (25 минут ұсынылады, мен 50 минут аламын), осы аралықтарда («қызанақтарда») немен айналысатыныңзды анықтап аласыз, аралық соңында міндетті түрде шаруаңызды тоқтатасыз, 5 минутке (мен 10 минутке жасаймын) үзіліс жасайсыз, сосын келесі «қызанаққа» кірісесіз (25 минут, немесе мен сияқты 50 минут). Күні бойы осылай жасайсыз. Үзілістерді тынығу, қоңыраулар жасау, тамақтану немесе дене шынықтыру үшін пайдаланған дұрыс.

       Бұл әдісті қолдану барысында ең маңыздысы «қызанақтардан» басқа ештеңеге назар аудармау....  ары қарай оқу


Талдау 0                        
Бөлісу  

Үлкен жеңістердің күнделікті бағасы.       

       Күн сайын бір тастан таситын болсаң, ешкім байқамауы мүмкін.

       Бір күні тасыған тастарың тау болып, басында тұрғаныңды сезінесің.

       Сонда айналадағылар қызыға қарап, сенің орныңда болғысы келеді.

       Бірақ ешкімнің күніне бір тастан тасығысы келмейді.

 

 


Талдау 0                        
Бөлісу  

Жеңіс күні.       


       9 мамырда жыл сайын Қазақстанда Жеңіс күні атап өтіледі.

       Соңғы жылдары бұл мерекеге қатысты алуан түрлі пікірлер айтылуда.

       1. Отан соғысы деген қай соғыс? Әлем жұртшылығы Екінші дүниежүзілік соғысын біледі. Ал Ұлы Отан соғысы деген атауды үгіт-насихат мақсатында Кеңес Одағы қолданды.

       Бір соғыс әр елде әр түрлі аталады. Мысалы, Англияда Шығыс майдан, Германияда Неміс-Кеңес соғысы, Орыс немесе Шығыс жорығы деп белгіленеді. Бұл соғыс бұрынғы Кеңес Одағының аумағында  1941 жылдың 22 маусымындағы халыққа радиоүндеуде Молотов пайдаланған “Отан соғысы”, кейін “Ұлы Отан соғысы” аталып кетті.

       Бұл атау қандай мақсатпен берілді?

       Кеңес үкіметінің басшыларына осыған дейін Еуропаны 2 жылдай шарпыған...  ары қарай оқу


Талдау 0                        
Бөлісу  

Мереке күндері.       


       7 мамыр күні Қазақстанда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі.

       Неге дәл 7 мамыр деген сұраққа жауап іздеп көрмедіңіз бе?

       Бұл күні қандай оқиға орын алды?

       Мүмкін қазақ батырлары жоңғарларға қарсы ұлы жеңіске жеткен шығар? Амангелдінің жасақтары ерлікпен қаза тапқан күн болар? Екінші дүниежүзілік соғыста шешуші шайқас болған күн болар?

       Жоқ. Бар болғаны 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің қызметкері мамырдың басынан жиналып қалған құжаттарды мемлекет басшысының қол қоюы үшін енгізген. Неге тағы күте тұрмаған, мысалы маусымға дейін? Бәлкім кеңсе қызметкері маусымда демалысқа кетуді жоспарлап қойған соң, қол қойылмаған құжаттар жиналып қалмасын деген шығар.

       Сіздерге мемлекеттік...  ары қарай оқу


Талдау 0                        
Бөлісу  

Шет елдің азаматтары.       


       Баяғыда Петропавлдағы бір жағдай мені қатты таң қалдырды. Жергілікті жастардың қасында отырдым. Олар футболдан бір халықаралық жарыстың нәтижелерін қызу талқылап жатты. Сосын біреуі маған: «Біздікілер тағы бір ойынды жеңсе, топтан шығамыз!» ,-деді. Мен таңданып «Қалайша? Біз жеңіліп, ешқайда шыққан жоқпыз ғой»,- деп жауап бердім. Ол болса: «Міне! Біз екінші орында тұрмыз ғой!» , -деп телефонындағы Ресейдің тобы мен туын бетіме басты. Осы сәтте екеуміз де жағдайды түсініп, ыңғайсызданып қалдық.

       Иә, бұл жастар Ресей құрамасын «біздің құрама» деп атайды. Олар өздерін Ресей азаматтары ретінде сезінеді. Олар Қазақстан жайлы аз білсе де, Ресейдегі жаңалықтардан хабардар. Олар қазақ тарихы мен мәдениетін танығысы келмейді. Олар тек орысша сөйлейді, қазақ...  ары қарай оқу


Талдау 0                        
Бөлісу  

Мемлекеттік және жеке зираттар.       


       Бізде мемлекеттік және жеке зираттар болуы керек деп санаймын.

       Мемлекет қарамағындағы зираттарда ең қажет қызметтер тегін болуы тиіс (қабірге қажет жер телімі, зират аумағын күзету мен таза ұстау). Жеке компанияларға  мемлекеттік зираттар аумағында  қосымша ақылы қызмет көрсетуге (қабір қазу, құлпытас орнату, жерлеу рәсімін өткізу) рұқсат беру керек.

       Жеке зираттар өз аумағында қабірге жер беруден бастап мазар тұрғызуға дейін әр түрлі қызметтер ұсына алады.

       Қорыта келгенде, ақшасы барлар салтанатты жерлеу рәсімдерін өткізуге мүмкіндік алып, ал жағдайы келмейтіндер туған-туыстарын мемлекеттік зираттарда  тегін жерлей алатындай болу керек.

       https://365info.kz/2018/03/biznes-na-kladbishhah-v-almaty-bednyaki-ne-smogli-pohoronit-rodstvennika/


Талдау 0                        
Бөлісу  

Ақпараттық саясат туралы мемлекеттік тапсырыс.       


       Үкіметтің екі таңдауы бар: халықтың қалауынан шығу, онда БАҚ үкіметті өзі мақтайтын болады, немесе халықтың қалауымен санаспай, БАҚ ақша төлеп, үкіметтікі дұрыс деп мадақтатып қою.


Талдау 0                        
Бөлісу  

        2 3 4 ... 33