Жеке сайт

Пікір-ойым
Барлығы адамдардағыдай       

Бүгін Қызылорда облысынан туыс әйел қоңырау шалды.

Оның күйеуі   – мүгедек, үш баласы бар, өзі бірнеше жұмыстарда еңбек етеді, шамасы келгенше тырмысып жүр.  

Жалынып сөйлеп, көмек керек деп айтты.

– Не болып қалды, – деп сұрадым.

– Үлкен қызымды күйеуге беремін. Елдікінен кем еместей той өткізу қажет.   

– Ал қазір той өткізу қанша тұрады?

– Миллион теңге.

– Миллион теңге?!

– Иә, әрине. Жақсы дәмхана, екі жүздей қонақтар. Бүкіл бір көше көршілер және туыстар. Мен, әлім жеткенше, таныстардан жинап алдым.     Бірақ бұл аз. Банктен несие алғым келіп еді, бірақ мен теледидар мен жиһаз үшін алдыңғы несием үшін қарызымды өтемегенмін. Бермейді. Мен енді бәрінен жай емес, қарызға сұрап жүрмін. Өсім пайызымен болса да.    

– Ал осы несие...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Тілек       

Алдымен олар сені байқамайды. Жұмысыңды жалғастыра бер.

Одан кейін сен өзіңнің еңбегіңмен олардың көңілдерін өзіңе аударасын.   Олар таңғалады да саған қарай бастайды. Қорықпа.

Одан кейін олар сені күлкі қылады. Назар аударма.

Одан кейін сен оларды өзіңнің батылдығыңмен және бірегейлігіңмен ашуландырасың және ызаландырасын. Шыда.

Одан кейін олар сенімен санаса бастайды және құлақ салады. Оларды итерме.    

Одан кейін олар сені мақтай бастайды және саған жағымпазданады. Босаңсыма.

Одан кейін олар саған табына бастайды және сені қадір тұтады. Оларға сенбе.   

Одан кейін олар сенің қателігіңді тосып алады да құлатады. Басыңды еңкейтпе.

Одан кейін олар сені кемсітеді және аяққа басады. Оларды кешіре сал.

Одан кейін олар сені ұмытып кетеді. Тыныштал.


Талдау 0                        
Бөлісу  

Ұлттың ең басты жауы       

Біздің ұлтымыздың ең басты жауы болып табылатын кім немесе не екенін білесіздер ме?

Жат жерлік басқыншылар ма?

Жоқ. Құдайға шүкір, тәуелсіздік жылдары бойы бірде бір қазақстандық жаулардың қолынан қаза болмады.

Табиғи апаттар мен сүргіндер ме?

Әрине, болады, бірақ, бақытқа орай, біз цунами, тайфундар сияқты және басқа талқандағыш апаттардан азатпыз. 

Жол-көлік оқиғалары ма?

Шынында, еліміздің жолдарында жыл сайын 2,5 мың шақты адам қаза табады. Бірақ бұл біздің ең үлкен  орны толмас қазамыз емес.  

Біздің ұлтымыздың ең басты жауы – ол… БЕСБАРМАҚ, ҚАЗЫ, ҚУЫРДАҚ. Иә-иә. Біздің ең жақсы көретін ұлттық тағамдарымыз.

Жыл сайын қазақстандықтардың көбі сырқаттардан қайтыс болады екен, және олардың арасында бірінші орында – жүрек-қан тамырларының ауруы (2013 жылы 36 381 адам). Бұл нағыз соғыс! Және де біз онда...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Ең жақсысын – басқаларға       

Серік пен Берікке кластастарға Жаңа жылғы сыйлықтарды қағазқапшықтарға бөліп салуды тапсырды.

Олар екеуі бос сынып бөлмесінде отыр және кәмпиттерді, шоколадтарды, печеньені, мандариндерді үлестіріп жатыр.

Кенеттен Берік, Серіктің әрекетін байқап, жымыңдап көзін сығырайтып, сұрады: 

- Ал мұнау қағазқапшық кімдікі?

- Менікі, - деп жауап береді Серік, жұмысын жалғастыра береді.

Беріктің көзі жымыңдағаннан аң-таң болып қалды.

- Алайда сен онда бұзылған мандарин салып қойдың ғой!

- Әрине, - түк болмағандай жауап берді Берік, жұмысын тоқтатпай, - онда не бар?

Берік қымсына бастайды:

- Ал неліктен сен бұзылған мандаринді өзіңе салдың?

Енді Серік таңғалды:

- Ал қалай жасау керек? Егер бізге ортақ нәрселерді үлестіруді сеніп таспырса, біз өзімізге ең нашарын алуымыз керек емес пе? Есесіне біздің кластастарымызға ең жақсысы тиеді. Бұл дұрыс емес пе?

Бірнеше...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Алматылықтар мен астаналықтар       

Алматыға барған сайын, алматылықтар мен астаналықтардың арасындағы айырмашылықтарды анық сезіне түсемін.

Астана десек, мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік компанияларының қызметкерлері көп тұрады. Бұл жағдай көпшілік  орындарының жалпы жағдайына әсерін тигізеді. Астаналықтар демалыста жүрсе де (мейрамханаларда, сауда орталықтарында, кинода), олардың жүргендері қызметте жүргендей болады: тәртібі қатал, түрі жинақты, киімдері ұстамды. Қайда жүрсе де, жан-жақтарына қарап жүреді, оның себебі басшыларын көріп қалған жағдайда, онымен амандасуға асығып тұрады, осы кезде қызметкердің киген киімі, іс-әрекеті, өзін-өзі ұстауы талапқа сай болмауынан құдай сақтасын.

Астаналық мейрамханаларда отырғандардың әңгімелері жиі саясат туралы болады, сондықтан  дауыстарын өте шығармай, жан-жағына абайлап байқап отырады.  Ел аузындағы тақырыптардың бірі кадрлық өзгертулер мен шиеленістер. Осында кімнің адамы, қай командадан шыққанын бәрі де біледі. Бастық ауыстырылған...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Бірлік ерекшілікте       

Біз сондай әртүрліміз: сары және қарамыз, биік және аласамыз, толық және арықпыз, көңілді және көңілсізбіз.

Біреулер бешбармақты ұнатса, басқаларға хе ұнайды, біреулер польканы билесе, енді біреулер лезгинканы билейді, біреулер тақия кисе, басқалар папаханы киеді.

Біздің арамызда қазақтар мен орыстар, украиндықтар мен кәрістер, немістер мен армяндар бар.

Біз сондай әртүрліміз. Бірақ бұл тату тұруға, әрқайсымыздың ерекшелігімізді құрметтеуге және дәл сондай құрметті өзімізге күтуге кедергі болмауы тиіс.

Біздің күшіміз бірлікте!


Талдау 0                        
Бөлісу  

Қазақ тілінде қол жетерлік әлем       

Қазақ ұлты мәдени дамуының бүгінгі деңгейіне 18 ғасырдың ортасынан бастап орыс мәдениеті мен орыс тіліне араласуының арқасында жетті деген пікір бар. Қазақ зиялыларының барлық білімді өкілдері, техникалық мамандар, жоғары буындағы басшылар өз табыстарына орыс тілінде оқығандықтан ғана жетті, өйткені орыс тілі оларға орасан зор білім дүниесін танып білуге мүмкіндік берді деп саналады. Шынында, қазақ тіліндегі көркем, арнаулы, техникалық әдебиеттің көлемін орыс тіліндегі сол әдебиеттің көлемімен салыстыруға келмейді, себебі орыс тілі көптеген ұлы шығармалардың түпнұсқа тілі болып табылады және қазіргі заманның барлық таңдаулы дүниежүзілік әдебиеті осы тілге аударылған.

Осыған байланысты орыс тілін жете игерген қазақтар басынан бастап өздерінің кәсіби, мансапты, тіпті рухани дамуында ана тілін ғана білетін қазақтармен салыстырғанда орасан зор артықшылыққа...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Қазақ тілінің дамуы туралы       

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері 24 жыл өтті. «Мемлекеттік тілді игеру Қазақстан Республикасы әр азаматының борышы» деп жариялайтын тілдер туралы заңның қабылданғанына 18 жыл болды.

Осы уақыттың ішінде не жасалды?

Қазақ тілін кең таратып, жақсы игере алдық па?

Бағалар әркелкі. Біреулері үдеріс жақсы екпінде жүріп келеді деп санайтын болса, басқалары кешірілмес баяу жылжиды дейді. Осы даулар кейде ұлтаралық қарым-қатынастардың қауіпті аймағына әкеліп cоғады.

Осы жөнде өзімнің бірнешеойларымды айтайын деп едім.

Меніңше қазақ тілін дамытудың мемлекеттік басқару үдерісі жүйесіз, керек десеңіз, абыл-сабыл жүргізілуде. Бұл жұмыстың мақсаттары мен міндеттері жоқ, нәтижеліліктің түйінді көрсеткіштері (НТК) жоқ, оларға жету мерзімдері жоқ, бір жауапты мемлекеттік орган жоқ.

Сол себептен осындай түсініксіз және даулы нәтижелерге ие болып отырмыз.

Осы мәселені шешу ұшын мен...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Келін - күң       

Бұл менің бір танысымның әңгімесі. Оған сенбеуге менде себеп жоқ.

Ол өзі Батыс Қазақстаннан болады, бірақ оңтүстіктің жігітін сүйіп, соған күйеуге шыққан. Кәзір бір қызы бар. Жолдасының отбасымен бірге Астанада тұрып жатыр.

Оның кәзіргі тұрмысы былайша: таңертең сағат 5-те тұрып атасына, енесіне, жолдасына және қайнысына таңғы астарын дайындайды. Ал олар тәңертеңгі асты жақсылап ішеді: самса, қуырдақ, шелпек, шәй және тағы сол сияқты тағамдар. Оның бәрі жаңа піскен болу керек.

Содан кейін, ата-енесінен басқасының бәрі жұмыстарына кетеді. Менің танысым күніне екі жерде жұмыс істеп үлгіреді: кеңседе тазалаушы және мейрамханада ыдыс жуушы болып. Күні бойына діңкесі құрып шаршайды. Кешкісін үйіне келген соң тағы да жұмысқа кіріседі: кешкі ас дайындайды, үйдегілерді тамақтандырады, ыдыс жуады, үй жинайды,...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

«Ағашкалар» мен «інішектер»       

Біздің Қазақстанда «ағашкалар» мен «інішектер» деген бір құбылыс бар.

«Ағашка» дегеніміз «ағайын» деген сөзден шыққан «аға» немесе «ағай» емес. «Ағашка» -  жебеуші, қамқоршы дегенді білдіреді.

«Інішек» - «іні» емес. Ол біреудің сүйеуіндегі, қамқорлығындағы адам.

Мен мұндай қарым-қатынастарға қарсы емеспін. Бұлар қай елде болса да кездеседі. Бірақ біздің елімізде бұлар оғаш түрлі болып кеткен.

Неге десеңіз, көбінесе «ағашка» өзінің көмекшісін – «інішекті» мемлекеттің есебінен ұстайды. «Інішек» мемлекеттік қызметте есептеліп, «ағашкамен» қатар бір мекемеде жұмыс істейді, салық төлеушілердің қаражатынан жалақы алады, бірақ Отанына емес, «ағашкаға» қызмет етеді. Ол оның портфелін ұстап жүреді, оған есік ашады, жаңбыр жауса үстіне қолшатыр ашады, оның алдындағы тобырды қуып таратады. Одан артық, «інішек» «ағашканың» үй шаруасын да орындайды: оның балаларын мектепке,...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

        32 33