Жеке сайт

Пікір-ойым
Ашаршылық - геноцид?       

      Геноцид – бұл қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік, діни немесе басқа да қалыптасқан мәдени-этникалық топты толық немесе ішінара жою үшін қасақана жасалатын әрекет.
      Өткен ғасырдың басында қазақтар мен украиндарға қатысты Кеңес үкіметімен геноцид жүзеге асырылған жоқ деп санаймын. Геноцид туралы айтылатын бір де бір ресми құжат көрмедім. 1932-1933 жылдары Қазақстан мен Украинадан бөлек Кеңес Одағының басқа да аймақтарында ашаршылық орын алды. Бұл зұлматтың ешқандай ұлттық немесе этникалық себебі болмағандығын, керісінше сол кездегі үкіметтің қауқарсыздығын аңғартады. Диктатура мен тоталитаризм халықтың пікірімен санаспай, күштеп ұжымдастырудың арқасында шаруалардың жағдайын күйретіп, оларды бір сәтте халық жауы атандырды. Жедел индустрияландыру саясаты Сталиннің тікелей бақылауында болғандықтан, билік аш халықтың нанын тартып алып, оны шетелдің құрал-жабдықтары мен технологиясына айырбастады. Қалыпты нарықтық қатынастардың орнына ресурстарды күштеп қайта болу жүйесі жұмыс істеді. Нарық өзін-өзі реттеп отырады, ешқандай политбюро немесе көсем экономиканы дәл солай тиімді басқара алмайтындығын тәжірибе дәлелдеп берді.

      Сондықтан Қазақстан мен Украинадағы жаппай ашаршылыққа Ресей емес, сол кездегі Кеңес Одағының басшылығы жауапты деп санаймын.

      Ашаршылықты ресми мойындау Қазақстан үшін қаншалықты қажет?
      Егер бұл ресми құжат қазақ халқының қасіретінің зарын орыс халқы мен қазіргі Ресейге аудару үшін қажет болса, мен қарсымын. Кінәлі орыс халқы емес, кінәлі Кеңес үкіметі.
      Ал ашаршылықты мойындау кеңестік құрылымның, диктатура мен тоталитаризмнің озбырлығын айыптауға қажет болса, бұл ашаршылықты ресми мойындау ұлтты ұйытуға оң ықпалын тигізеді деп санаймын.

      http://www.exclusive.kz/expertiza/obshhestvo/114046/

Талдау 0             
Бөлісу