Бүгін Қызылорда облысынан туыс әйел қоңырау шалды.

Оның күйеуі   – мүгедек, үш баласы бар, өзі бірнеше жұмыстарда еңбек етеді, шамасы келгенше тырмысып жүр.  

Жалынып сөйлеп, көмек керек деп айтты.

– Не болып қалды, – деп сұрадым.

– Үлкен қызымды күйеуге беремін. Елдікінен кем еместей той өткізу қажет.   

– Ал қазір той өткізу қанша тұрады?

– Миллион теңге.

– Миллион теңге?!

– Иә, әрине. Жақсы дәмхана, екі жүздей қонақтар. Бүкіл бір көше көршілер және туыстар. Мен, әлім жеткенше, таныстардан жинап алдым.     Бірақ бұл аз. Банктен несие алғым келіп еді, бірақ мен теледидар мен жиһаз үшін алдыңғы несием үшін қарызымды өтемегенмін. Бермейді. Мен енді бәрінен жай емес, қарызға сұрап жүрмін. Өсім пайызымен болса да.    

– Ал осы несие үшін сен неше жыл қарызыңды өтейсің?

– Бір бөлігі сыйлықтармен қайтып келер. Ал қалғаны үшін, менің ойымша, бес жыл ішінде есеп айырысармын.  

– Сонда бір кеште екі жүз адамды бешбармаққа тойдырып, арақты ішкізіп және сөз сөйлестіру үшін сен өзіңнің үш жұмысыңда бес жыл бүкшиесің бе?

– Ал басқаша болады ма екен?

– Меніңше, сенің жағдайыңда қызыңа тек қана некесін тіркеу қажет  және жетер. Немесе жиырма-отыз адамға қарапайым той жасау қажет.

– Сен не деп тұрсың?! Мен бүкіл маңайға масқара болғанымды қалайсың ба? Елдің көзіне қалай қараймын екен?

– Ел түсінеді.

– Ал қазір бәріне ауыр болса да түк емес. Бәрі той жасайды. Мен өзім де бәріне барып жүрмін. Ал енді мен оларды қалай шақырмайды екенмін?

– Бұл жаппай қару шығару ғой өзі! Дұрысын айтқанда, боямашылықты! Сендер бір бірінің көздеріңді бояп жүрсіңдер, көршілерің жасаған тойлардың сәнділігінен асып түсуге тырысасындар да солай өздерің кіріптарлыққа түсіп кетесіңдер. Бұл кімге керек екен? Ал қызың өзі не дейді?     

– Әрине, ол бәрі елдегідей болғанын қалайды. Біз кімнен кем екенбіз?

– Бұл нағыз жындыхана ғой!

– Тыңдашы. Көмектесе алсаң – көмектес. Ал көмектесің келмесе – солай айтсаңшы. Сен неменеге маған осы жерде өсиет айтып тұрсың? – деп туысым қатты ашуланып, тұтқаны тастай салды.

Қысқа гуілдер…

Comments: 0