Әйелдер әр түрлі болады. Күйеулерімен қарым-қатынасына қарай әйелдердің келесі 10 түрін бөліп айтар едім.

       1. Серіктес әйел.

Ол күйеуімен бір іспен айналысып, оның көзқарасы мен барлық әрекеттерін толық қолдайды. Қиын сәтте тіпті жолдасының орынын да баса алады.

Бұндай әйелдің жарқын мысалы – Хиллари Клинтон, қайсарлығы пен харизмасы күйеуінен еш кем түспейді.

       2. Орынбасар әйел.

Бұлар серіктес әйелдей жолдасына барынша қолдау көрсетеді. Бірақ орынбасар әйелдің өз амбициясы болмайды да, әрдайым күйеуінің көлеңкесінде қалады.

Мысал ретінде Лениннің әйелі Надежда Крупскаяны келтіруге болады.

       3. Ұстаз әйел.

Мұндай әйел күйеуінің рухани ұстазы, ақылшысы болады. Ол күйеуінің көзқарастарын қолдамауы да, шаруаларына араласпауы да мүмкін. Бірақ олар күйеуінің ішкі жан-дүниесін қалыптастырады. Мысалы, ұлы қолбасшылардың әйелдері күйеулерін жиі опасыздықтан, орынсыз кек алудан қайтарып, жеңіліс тапқандарға рақымдылық танытуға көндірген.

       4. Муза әйел.

Бұл әйелдің терең білімі мен ерекше қасиеттері болмауы да ықтимал. Бірақ ол жасампаз-күйеуін ұлы дүниелер тудыруға ынталандырады.

Муза әйелдің жарқын мысалы –  Сальвадор Далидің жұбайы Гала.

       5. Әкімші әйел.

Мұндай әйел ерінің басымдылығын толық мойындап, отбасының барлық шаруасын өз мойынына алады. Ол отбасылық бюджетті жұмсайды, керек-жарақтың барлығын сатып алады, отбасылық шараларды ұйымдастырады. Жолдасын үй шаруасынан толық босатып, шығармашылықпен немесе басқа да маңызды істермен айналысуға жағдай жасайды.

       6. Балалардың анасы.

Бұл әйел жолдасынан алшақ болады. Балалардың анасы мен үй қзметшісі қызметін атқарады. Ерінің шаруасына араласпайды. Өмірдегі басты мақсаты балаларды тәрибиелеп, үйдің отымен кіріп, күлімен шығу деп біледі.

       7. Қуыршақ әйел.

Мұндай әйелдің ақылы таяз, адамгершілк қасиеті шамалы болады. Оның бар болғаны сыртқы келбеті ажарлы. Сұлу әйел осы артықшылығын епті пайдаланады. Ал күйеуі осы әдемілігі үшін ғана оның қыңырлығы мен еркелігін көтереді.

       8. Арамтамақ әйел.

Мұндай әйел күйеуіне өзінің молшылығының көзі ретінде қарайды. Ол жолдасы бар тапқан-таянғанын үйге әкеліп, оның қалағанын алып беріп, жағдайын жасауға міндетті деп санайды. Өзі жұмыс істемейді, өзін күтіп, өзі сияқтылармен аралас-құралас болып жүреді.

       9. Асыраушы әйел.

Балалары мен күйеуінің қарыны тоқ, киімі бүтін болу үшін күндіз-түні дамыл таппай, жұмыс істейді. Сонда да әдеп сақтап, көпшіліктің алдында өзін ерінен төмен ұстайды. Балаларын да әкелерін сыйлауға тәрбиелейді. Бірақ айналадағылар онсыз да отбасын кім асырап отырғанын біліп жүреді.

       10. Бастық әйел.

Ол үлкен қызметтегі немесе қоғамда беделі бар әйел. Жолдасы әрдайым оның көлеікесінде қалады. Отбасында кімнің табысы көп және мысы басым екенін айналаға байқатып жүреді, күйеуіне жиі психологиялық қысым көрсетеді.

Әйелдер әрдайым бір рөлде қалып қоймайтынын айтып кету керек. Көбінесе оларда бірнеше рөлдер бір мезетте ұштасып немесе кезек ауысып отырады. Дегенмен жалпы мінез-құлқы сипатталған түрлердің біреуіне жақын болады.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - tipy_zhen.jpg

Comments: 0