Жеке сайт

Пікір-ойым
Эвтаназия       

          Бірнеше жыл бұрын менің әжем қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды. Өлім алдында ол қатты қиналды. Ауру баяу және ауыр өтті. Сондықтан ауырсынуды басатын дәрілердің мөлшері үнемі артып отырды. Ақырында, дәрінің шекті рұқсат етілген мөлшерінің ағзаға әсер етпейтін сәті де келіп жетті. Сол сәтте менің әжем тоқтамсыз ауруға қарсы жалғыз өзі қалды. Ол арасында ессіздікке түсіп, азаптан бүрісіп қалып, төсекте дөңбекшіп жатты. Ол дұрыс тамақ іше алмады, әлсізденіп кетті және оның төсектен тұруға шамасы жетпеді. Басында ауруы жанға батып айғайлады, содан кейін жай ғана ыңырсып жатты. Соңғы күндері ол туған-туысқандарынан оны осы азаптардан құтқару үшін бірдене жасауларын өтінді.

           Бірақ туған-туысқандарымыз осы арпалысты көзге жас ала отырып бақылауға мәжбүр болды.

           Сол кезден бастап мен қоғамымыздың эвтаназияға қатысты көзқарасы туралы ойланып келемін. Менің ойымша, өз жақындарының соңғы ауыр күндеріне куә болған адамдар эвтаназияның, яғни адамның азапсыз басқа өмірге кету мүмкіндігінің жақтаушысы болып қалады.

           Мен Қазақстанда эвтаназия рұқсат етілу керек деген ойды құптаймын. Сонымен қатар, халықты мүмкін теріс пайдаланушылықтан қауіпсіздендіру үшін осындай жағдайда қажетті шараларды қолдану керек (бұл жағдай эвтаназия түріндегі кісі өлтіруге дейін алып келуі мүмкін).

           Мұнда ең басты құндылық – адамның өмірі туралы сөз қозғалып жатқандықтан және осындай әрекеттердің салдары өзгертілмейтіндіктен заң жүзінде қатаң процедураларды бекіту керек:

           біріншіден, эвтаназия тек қана ересек және психологиялық тұрғысынан дені сау адамдарға қатысты қолданылуы керек;

           екіншіден, эвтаназия азаптық аурулармен бірге жазылмайтын ауруларға қатысты немесе қайтымсыз кома жағдайында қолданылуы керек;

           үшіншіден, эвтаназия туралы шешім аурудың туысқандарының және заңгерлердің қатысуымен медициналық консилиуммен мақұлдануы керек.

           төртіншіден, қауіпсіздік үшін осындай шешімді соттың немесе алқабидің құзыретіне жүгіну керек.

           Кепілдіктің басқа да әдістері болуы мүмкін.

           Осының барлығы жазылмайтын аурумен ауыратын әжелеріміздің, аталарымыздың, туған-туысқандарымыздың және жақын адамдарымыздың соңғы күндерін жеңілдету үшін маңызды. 


Талдау 0             
Бөлесу