Жеке сайт

Пікір-ойым
Қасиеттердің түстері       

Сегіз жасар ұл бала езілген бояулармен сурет салумен құмарланып шұғылданып жатыр. Оның алдында бояулар салынған түрлі-түсті түтіктер мен бояу тақтайша. Жанында әкесі газет оқып отыр.

– Әкетай, – деп ол кенте сұрады, – ал Ахмет аға жақсы адам ба?

– Пәлі... білмеймін, – әкесі әдеттегідей барлық балалық сұрақтарды шындап қабылдайды, – бәлкім, иә шығар.

– Ал Сәбит ағай ше? – деп ұлы тергеуді жалғастырды.

– Әрине, бітегене жақсы, бітегене – аса емес, – ұлына көзелдіріктің үстінен қарап сәл толғанып қалып әкесі айтады.

– Әкетай, сонымен жақсы ма немесе жаман ба? Анық айтшы.

Аздап ойланып, әкесі газетті шетке қояды, бояулар салынған түтіктерді қолына алады да түсіндіре бастайды:

– Міне, қарашы, балам, мына қызыл бояуды көріп тұрсың ба? Бұл мейірімділік деп ойлап көр. Сенің бояу тақтайшаңа мен азғана қызыл бояу сығып шығарамын. Көріп тұрсың ба? Ал енді көк бояу – ол ақыл деп  ойлап көр. Мен сенің бояу тақтайшаңа көк бояуды көбірек сығып шығарамын. Әрі қарай, жасыл бояу – ол ерік күші. Мен одан толық бір түтікті қосамын. Осында тағы бірнеше әртүрлі бояуларды аздап қосамын. Көрдің бе? Ал енді мен бояу тақтайшаға сығып шығарғанның бәрін араластырамын. Өте қызық қосынды болып шықты. Ол қандай түсті екенін айту да қиын. Қоңыр реңктер басым болды. Міне солай, бұл Сәбит ағай. Ал енді Ахмет ағайдың суретін құрастырып көрейік. Қызыл түсті көбірек, көк түсті азырақ, ал жасылды – мүлде аз. Есесіне мен ақшыл көк түсті көбірек қосар едім – игілікті. Мінеки. Енді тағы барлық бояуларды араластырамыз. Не болып шықты? Қызық қоспа, көбірек қою қызыл. Көріп тұрсың ба? Бұл Ахмет ағай. Ал енді сен өзіңнің сұрақтарыңа жауап тауып көр: Сәбит ағай мен Ахмет ағай жақсы ма немесе жаман ба.

Жақсы деген – ол бір түс –ақ, ал жаман да – ол бір түс – қара.

Балам, дүниеде жай жаман не жай жақсы адамдар жоқ. Әр адамда көптеген әртүрлі қасиеттері бар. Бірдеңе – көбірек, бірдеңе – азырақ. Әр адам – қасиеттердің үйлесі. 


Талдау 0             
Бөлесу