Объективтілік деген не?

Объективтілік дегеніміз – жергілікті әйелдерге бірнеше келімсектер зорлық көрсетіп, айнадағыларды тонағанда, сол кезде бұл мемлекеттің көпшілік азаматтары келген адамдардың кетуін және басқалардың қабылдануына тыйым салуын талап еткенде, сен: «Жоқ! Барлық келімсектер бірдей емес. Олардың арасында жақсы адамдар бар. Нақты қылмыскерлер мен заң бұзушыларды жазалайық, бірақ біздің көмегімізді қажет ететін адамдарға жол жаппайық», – деп айтуың.

Объективтілік дегеніміз – бірнеше діни фанатиктер «Аллаxакбар» сөзімен өздерін және жанында өткен кездейсоқ адамдарды жарып жіберіп, соның нәтижесінде әлемдегі көпшілік адамдар мұсылмандардан қорқып, олардың құқықтарының шектелуін сұрағанда, сен: «Жоқ! Мұсылмандардың барлығы террорист емес! Олардың көпшілігі – әдепті адамдар. Барлық мұсылмандарды жаман деуге болмайды», – деп айтуың.

Объективтілік дегеніміз – сен жолда келе жатқанда, оңтүстік аймақтарының нөмірі бар автокөліктер жолыңды қиып өткенде, қараторы балалар кезек тәртібін сақтамай, алдыңнан шыққанда, сені алдап кетуге тырысқанда, айналадағылар оңтүстік адамдардың бәрі елгезек, тәртіпсіз, ұятсыз дегенде, сен: «Жоқ! Барлығы ондай емес! Олардың арасында әділ, сыпайы, адал адамдар бар. Сол себептен барлық оңтүстіктің адамдарын жақтырмай, өзіңнен жаман деп ойлауға болмайды», – деп айтуың. Әрдайым объективті болу маңызды. Жеке оқиғаларды жалпыламай, бір адамның қателігі үшін оның діндесін, аталасын, достары мен туғандарын айыптауға болмайды. Әділдікті тек осылай сақтауға болады.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 17-03-2019-10-36-04-01-2019-11-38-180px-A7ed02f3aca3e20ab5dd8816dbe528c9.jpg
Comments: 0