Объективтілік деген не?
Жеке сайт

Пікір-ойым
Объективтілік деген не?       

       Елге келген иммигранттар зорлық-зомбылық, қылмыс жасап ұсталып, халықтың басым бөлігі оларды елден шығарып, енді кіргізбеуді талап етіп жатса да: «Жоқ! Барлығына бірдей топырақ шашуға болмайды. Қылмыс жасағандарды жазалап, көмекке мұқтаж басқа жандар үшін шекарамызды жаппайық», - десеңіз, сіз - объективтісіз.

       Бірнеше діни фанатик «Аллахакбар!» деген ұранмен көшеде өздерін жарып жіберген соң, барлығы мұсылмандардан сескеніп, олардың құқықтарын шектеу туралы сөз қозғап жатса да: «Жоқ! Мұсылмандардың барлығы террорист емес, олардың көпшілігі ниеті түзу адамдар. Барлық мұсылмандарды қаралай беруге болмайды», - десеңіз, сіз - объективтісіз.

       Жолда оңтүстік өңірлердің нөмірін таққан көліктер алдыңыздан кесіп өтсе де, қараторы жігіттер кезексіз өтіп кетіп жатса да, айналадағылардың бәрі «южандар» - жылпос, тәрбиесіз, ұятсыз десе де: «Жоқ! Оңтүстіктің барлық адамдары ондай емес. Ол жақтың халқы әдепті, қарапайым, ұяты бар адамдар. Бес саусақ бірдей емес, біреуіне бола барлығын жамандай беруге болмайды», - десеңіз, сіз - объективтісіз.

       Әрқашан объективті болу өте маңызды. Жеке оқиғадан жалпылама қорытынды жасап, бір адамның қателігіі үшін онымен бір діндегі барлық адамдарды, оның барша достары мен туғандарын кәніләуға болмайды.

       Сонда ғана әділдік үстем болады.

 


Талдау 0             
Бөлісу