Жеке сайт

Пікір-ойым
Шенеуніктің жеке меншік компанияға көмегі       

Егер шенеунік жеке меншік компанияларға заң шеңберінде және ақысыз көмек көрсетсе, бұл дұрыс. Егер де ол бір жеке алынған фирма үшін тиістіден тыс бірдеңе істесе, ақысыз болса да, ол дұрыс болмайды.

Мысалы, мен мемлекеттік қызметте болғанымда, таныстар маған жиі мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіп шығуға көмек көрсету туралы сұраулармен жүгінетін. Мен оны дәл сол сәтте қабыл алмайтынмын және тіпті осы тақырыпқа сөйлеспейтінмін де. Ал олар жалпыға бірдей негізде конкурсқа қатысқылары және оны жеңіп алғылары келгені, ал менің ведомствомның қызметкерлері оларға заңсыз кедергі жасап отырғандары туралы айтса, дәл осындай жағдайда мен белсенді кірісіп кететінмін. Кінәлі тұлғаларды анықтап, оларды жазалайтынмын, бәрін заң бойынша істеуді мәжбүр ететінмін. Дәл осылай мен әр бейтаныс компаниялардың осындай өтініштеріне қараймын.

Немесе тағы бір әдеттегі жағдай. Мемлекеттік органға жеке меншік компания жикізатқа деген қымбат кедендік баждар оғың дамуына кедергі жасайды деген мәселемен жүгінеді. Біз осы сұрақты талқылап, оның дұрыстығына иланып, Үкімет тиісті қаулы қабылдағанын лоббилендіруді бастайтынмыз. Егер осы біздің қолымыздан келсе, баждар төмендетілетін немесе мүлдем жойылатын, кәсіпорын иесі бізге ризалығын сезінетін. Бірақ біз оның ынтасы бойынша әрекет етіп жеке оған пайда әкелсек те, бүкіл саланы лоббилендірдік деп санадық. Осы жағдайда жеке меншік компанияның мүдделері мемлекеттің мүддесімен бір жерден шықты, сондықтан осындай жағдайда оған көмек көрсету – мүлде күнә емес.


Талдау 0             
Бөлесу