Қазақстандық заң бойынша тірі адамға өз ағзаларын ақшаға сатуға тыйым салынған және бұл заңмен жазаланады. Сондай-ақ, тірі адамнан ағзаларды сатып алу тыйым салынған. 
       Менің ойымша, осындай тыйым еркін қоғамның негізін құрайтын қағидаға – тұлғаның өз денесіне жəне өз өміріне өз еркімен иелік ету құқығына қайшы келеді. 
       Біздің Конституциямызда біз мемлекеттің жоғарғы құндылығы адам, оның құқықтары жəне еркіндігі екенін айттық. Онда неге біз, қоғам адамның өзіне иелік етуіне қарсы тұрып, олардың орнына шешім қабылдаймыз? Егер біз тұлғаның еркіндігін құрметтейтін болсақ, онда адамдарға өздерінің денесіне иелік етуге, тіпті зинақорлықпен айналасуға рұқсат беруіміз керек.

       Егер біз адамның өзінің денесіне иелік ету құқығын мойындайтын болсақ, онда эвтаназияға да рұқсат беруіміз керек. Осындай əрекеттермен адам айналадағы адамдарға ешқандай зиян келтірмейді. Онда біз неге осыған қарсы тұруымыз керек? Осындай тыйым салу қоғамның тұлғаға қатысты əмірлік ету қағидасының орнатылуын білдірмейді ме? Немесе тағы бір мысал: заң бойынша жүргізушілер жəне жолаушылар белбеулерді тағу керек.

       Бірақ менің сұрағым бар: егер жүргізуші жол апатына түссе жəне белбеуді тақпай зақымданса, ол кімге зиян келтіреді? Менің түсінуім бойынша ол өзіне ғана зақым келтіреді. Осындай жағдайда заңнама не үшін адамның жеке өміріне жəне оның қауіпсіздігіне араласып жатыр жəне жазалау қауіпінің астында өзінің қамын ойлауға мəжбүрлейді? Біз адамдарға түнде сыртқа шығуға тыйым салмаймыз ғой. Осындай уақытта шығу қауіпті болады ғой. Біз рафтингпен жəне дайвингпен айналасуға тыйым салмаймыз ғой? Онда да кейбір жағдайларда адамдар қаза табады. Онда неге кейбір жағдайда біз адамның еркіндігін мойындаймыз, ал басқа жағдайларда – жоқ.
       Менің ойымша бірізді болу керек жəне адамға өз денесіне жəне өз өміріне иелік етуге рұқсат беру керек. Əрине бұл мәселе əретке бейім адамдарға қатысты. Психикалық ауытқулары бар адамдар мен балалар өзінің əрекеттеріне жауап бере алмайды. Оларға қатысты қоғамдық реттеу болу керек. Бірақ басқа жағдайларда тұлғаның еркіндігі жоғары тұруы керек.

Comments: 0