Жақында Лондонда тұратын бір таныс қазақ ағылшындардың қарапайым өмірінен орын алған қызықты әңгімені айтып берді.

Ол өзі Хитроу әуежайынан алыс емес жерде тұрады. Сонымен, бұл әуежайдың көптен бері кеңейтілу және қосалқы ұшып-қону жолағын құрастыру жоспары бар екен. Оған қоса, бұл ең ірі әуежайлардың бірі және оның кеңейтілуі оған емес жалпы Лондонның дамуына түрткі болар еді. Түсінікті жағдай болса керек.

Қандай сұрақтар туындауы мүмкін? Бірақ  … Қала үкіметі әуежай ауданының маңайында тұратын тұрғындардың басым бөлігінен келісімдерін алуды талап етті. Ал бұл бірнеше мыңдаған жанұя. Басқа амал жоқ. Әуежай әкімшілігі әр үйге, әр пәтерге жаңа жолақтың құрылысына дауыс беру өтінішімен сауалнама жіберді. Сондай-ақ, осы қадамның барлық оң жақтарын атап өтті. Бірақ қала тұрғындарына бұл әсер етпеді. Себебі олар жерге қонатын және әуеге ұшатын ұшақтардың шуынан азап шегеді екен. 

Белгілі бір нормативтік акт бойынша Лондонда ұшақтардың қону мен ұшу уақыты таңғы сағат төрттен түнгі сағат он екіге дейін рұқсат етілген екен. Әрине бұл жақын жердегі орамдарда тұратын тұрғындар үшін ыңғайсыз жағдай. Сонымен көп дауыс жиналмады. Құрылысқа келісім де берілмеді. Алайда әуежай осы ісінде тоқтамай, тағы бір қадам жасады. Өзінің жаңа үндеу парағында ол қала тұрғындарына жаңа жолақ енгізілгеннен кейін ұшып-қону уақытының таңғы сағат алтыдан кешкі сағат он бірге дейін қысқартылатынына уәде берді.   

Сонымен қатар, осыған ұқсас сауалнамалар, үгіт-насихаттар, үндеу-парақтар Лондонның қатардағы тұрғындарына өте көп келетіндіктен, менің танысым оларды өзінің пошта жәшігінен алып, оқымастан бірден қоқыс кәрзеңкесіне тастайды екен. Ол жай пәтерде тұрушы болғандықтан, бұл жайт оған қатысты емес. Ал жергілікті тұрғындар болса, барлық үндеу парақтарын белсенді түрде оқиды, оларды қызу талқылайды, белгілі бір құжаттарға қол қояды, қандай да бір митингтерге барады.  

– Байғұс ағылшын кәіпкерлерінің қалай қиналатынын елестете аласың ба? – деді менің танысым. – Тіпті осындай мәселені мыңдаған азаматтармен келістіріп шешу керек. Бізде болса, барлығы жеңіл өтеді. Облыс әкіміне кіресін. Оған жаңа жобаның барлық оң және теріс жақтарын түсіндіресін. Ол жалғыз өзі барлығын шеше алады. Дұрысын айтқанда, одан лауазымы жоғары тұрғандармен келістіретін болар, бірақ менің оған қатысым жоқ. Егер әкім рұқсат берсе, онда барлығы да оңай өтеді. Барлық қызмет орындары тез арада өзінің рұқсаттарын береді, жерді бөліп береді, коммуникацияларды өткізеді. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама бойынша қаражат бөлінеді. Неткен ғажап!

– Иә, -дедім мен, – бірақ Лондон әлемнің қаржылық астанасы болып табылады, сондай-ақ, барлық инвесторлар осында тұруды және жұмыс істеуді армандайды, ал Қазақстанға көшуге ешкім асығып жатқан жоқ. Оның себебі неде? Кез-келген сұрақты бір кабинетке кіріп шешуге болады. Әлемдегі ең аз салық мөлшері осында. Мемлекеттен көмек миллиард көлемімен бөлінеді.

  • Білмеймін,- деп жауап таба алмай, ойланып қалды менің танысым.

– Мүмкін Қазақстан азаматтарынан ешкім ештеңе сұрамайтындықтан және барлық шешімдер кабинеттерде қабылданатындықтан болар? Ал осы кабинеттердің иелері жиі өзгере береді екен. Жаңа иесінің саған қандай ниетпен қарайтыны ешкімге мәлім емес. Жүйе бір нақты адамға тәуелсіз жұмыс істеген кезден бастап, осы жүйеге кіретін адамдардың бизнестері тұрақты болатыныны және шенеуніктердің наздарына тәуелсіз болатыныны туралы сенімділік туындайды. Енді шынайы бизнес үшін жекеше кабинетте қабылданатын мәселелердің тез арада шешілуі, мемлекеттен көп миллиардық көмектің бөлінуі керек емес болады. Сонда бизнесті жүргізудің түсінікті және либералды жағдайлары, мемлекеттік органдар мен соттардағы әділеттілік пен заңдылық қажет болады. Сонымен болды. Осыдан кейін мемлекет тарапынан керегі – кедергі жасамау. Мүмкін сол кезде біз әлемнің жаңа қаржылық астанасы боламыз? 

Comments: 0