Біздің «оңтүстік астанамыздың» атауына байланысты дау бұрыннан пайда болды және қайта-қайта қозғау үстінде. 

     Осы уақыт ішінде, менің ойымша, ол практикалық бағытқа қарағанда саяси бағыт алды. 

     Негізінде бұл жағдайдың көрінісі мен үшін өте қарапайым болып көрінеді.

     Егер біз бұл сөзді қазақ тілінде айтатын болсақ, онда оның қазақша жазылуын қолдануымыз керек, яғни «Алматы».

    Егер де біз орыс тілінде сөйлейтін болсақ, онда орыс сөздігі бойынша орыс сөздерді қолдануымыз керек. Орыс тілінде «Алма-Ата» сөзі бар және көптеген ресейлік анықтамалықтарда бұл қала осылай аталады.

    Мұнда ешқандай саяси немесе ұлттық астар жоқ.

    Орыс тілінде сөйлеуші және оның «иесі» ретінде орыс халқы, яғни Ресей мемлекеті болып саналады. Тек олар ғана кез-келген сөздің өз тілінде қалай жазылуын шеше алады. Біз ресейліктерден атауларды, тіпті қазақстандық қалаларымыздың атауларын да, қалауымыз бойынша жазуға талап ете алмаймыз. Егер біз олардың тілін қолданатын болсақ, онда олардың грамматика ережелеріне бағынып, олардың сөздерін қолдануымыз керек.

    Бұл ереже бүкіл әлемде қолданылады.

    Мысалы, көптеген қытайлықтарға олардың астанасы орыс тілінде «Бейджин» (тұпнұсқалы атауына жақын болар еді) емес, «Пекин» деп аталатыны ұнамайтын болар. Бірақ олар осы жағдайда ештеңе жасай алмайды. Бұл олардың тілдері емес және олар ешқандай шешім қабылдай алмайды. Сол сияқты Францияның астанасы «Пари» (француз) немесе «Пэрис» (ағылшын) сөзі орыс тіліндегі айтылу мәнерінде «Париж» деген сөзге айналып кетті. Француздарға ресейліктерден орыс тілінде «Париж» емес, «Пари» деп атауды талап ету тіпті ойына да келмеді. Осындай сияқты мысалдар көп: неміс тілінде «Дойчланд», ағылшын тілінде «Джёмани», түрік тілінде «Алмания»; итальян тілінде «Рома», ағылшын тілінде «Роум», орыс тілінде «Рим» және т.б.

    Тіпті Ресей мемлекетінің астанасы қазақ тілінде «Мәскеу» деп аталады. Бұл жағдайда Ресейліктер қазақтардан олардың астанасы қазақ тілінде «Москва» деп жазылсын және оқылсын деп талап етпейді. Қазақ тілінің «Иелері» біз қазақ боламыз және қандай да бір сөздің өз тілімізде қалай жазылу және айтылу керектігін тек қана біз шешеміз. 

    Дәл осындай жағдай біздің оңтүстік астанамызбен. Орыс мәтіндерінде осы қаланың атауын қалай жазу керектігін біз ресейлік ресми дереккөздерінен білуіміз керек. Егер онда «Алма-Ата» деп жазылса, онда «Алма-Ата» деп жазу керек (сондай-ақ, 1995 жылдың 17 тамызындағы №1495 РФ Президентінің қаулысында бұл қаланы «Алма-Ата» деп атау керек екендігі жазылған).

    Бұл басқа қазақстандық елді мекендердің атауына да қатысты болады.

    Орыс мәтіндерінде «Чимкент», ал қазақ мәтіндерінде – «Шымкент»; орысша «Усть-Каменогорск», ал қазақша – «Өскемен»; орысша – «Уральск», ал қазақша – «Орал» деп жазуымыз керек.

    Сондай-ақ, бұл біздің ұлттық мүдделерімізге қысым жасауы болып саналмайды. Бұл тек қана екі тілдің грамматикасы болып табылады. 

Comments: 0