Менің екі досым бар. Екеуі де заңгер. Екеуі де сауатты. Бірақ өмірге деген көзқарастары мүлде әртүрлі.

Біреуі – құқықтық іліктер бойынша шебер маман. Әр заңда ол спорттық құмарлықпен кемістіктерді тауып алады да өктемдік түрде оларды жолдастарына көрсетіп, айтады: «Ал сендер не, әлі күнге шейін бұл заңды сақтайсыңдар ма?  Әй, ашық ауыздарым-ай! Ал мен болсам, оған көптен бері пысқырмаймын да, өйткені оны қалай аттап өту керек екенін нақты білемін!».

Екінші досым мүлде ондай емес. Ол турашылдау келген болады. Ол назарын тек қана заңның бір әрпін де бұлжытпауға емес, заңның рухына аударады. Қоғамда заңның жеңісінің қажеттілігіне бүкпесіз сенімді. Заңдағы іліктерді пайдалану үшін табу керек емес, тек қана оларды жою үшін деп санайды. Сондықтан заңда табылған кемістіктер туралы өзінің клиенттеріне айтпайды да, барлық мемлекеттік органдарына белсенді түрде жазып, бұл кемістіктерді қалай жою керегін суреттеп береді

Жақында менің көзімше екеунің арасында бір талас қызды. 

Біз үшеуміз машинамен бір жаққа бара жаттық. Көлікті екінші досым жүргізген болатын. Кенеттен бізді полицейлік тоқтата қалады. Досым жол ережесін бұзып қойыпты. Полицейлік хаттаманы толтырады. Сол кезде бірінші досымыз араласа кетеді. Жан-жаққа қарап, сыбырлай бастайды: «Өте тамаша! Мұнда бейнекамералар жоқ. Көк түске өттім деп оп-оңай айта сал. Біз растай саламыз.». Екінші досым оған шаршап қарайды: «Тағы қайтадан өзіңдікін қуаттай бастадың ба? Мен ережелерді бұздым ғой. Не үшін қақаңдаймын? Кінәлімін бе – төлеймін». Алады да хаттамаға қолын қояды. Бірінші досым қайғыланады: «Әй, сен қандай ғана аңқаусың! Сен түзелмейсің! Саған бес жыл бойы заңдарды оларды көнтерілі орындауың үшін үйретіп пе?».

Осылайша олар үнемі дауласып жүреді.  

Comments: 0