Адамдар арнайы термин тауып шығарған екен: КМЕ (кері мәдени есеңгіреу). Бұл сен Отаныңа қайтып оралған жағдайда көңіліңде әдеттенбегіндектен, дұрыс айтқанда «дағдыдан айырылып қалғандықтан»,  ұнамсыз кірбің пайда болғандағы сезім.

Жуырда мен осындай КМЕ-ді біздің астаналық әуежайға Стамбулдан қайтып келгенімде, жаппай барлық азаматтарды жүктерін скан-аппараттар арқылы өткізуге мәжбүрлегенде, болып қалдым. Нәзік әйелдердің өздеріне шабадандарын лентаға лақтыруға тура келді.   

Осының алдында ғана мен бірнеше рет ұшып өттім, Еуропаның және Азияның бірнеше әуежайларын көрдім. Маған сеніңіздерші, бұндайды мен ешқайда көрмегенмін. Әдетте екі өткел белгіленеді: біреуі жасыл (nothing to declare), екіншісі – қызыл. Кейбір жерлерде кеденшілер тұрады, бірақ көп жағдайларда олар мүлде көрінбейді де. Әйнектің артында тығылып тұрады ма, бейнекамералар арқылы бақылайды ма екен. Онысын білмедім. Алайда, абақтының аймағынан өткендей мен онда еш жерде сезінбедім. Ал бізде бірден сенімсіздік, күдік, кінәнің анық-қанығына жету ахуалына тап боласын және униформа киген бір адамдардың қоршауында болып шығасын.  Енді тек екі жақтан арс-ұрс еткен иттер ғана жетіспейді. Шынымен біздің кеден осы сорлы саяхатшылардан соншалықты қорққаны ма? Шынымен олар бір шөлмек шарап немесе шылымның бір будасын артық өткізгендері соншалықты қорқынышыты ма? Ал мен саяхатшылар тарапынан ұлттық қауіпсіздікке деген басқа қауіпті мүлде көріп тұрған емеспін.

Шынымен жергілікті билік Миландағы «EXPO-2015» – те болған және оның жайлылығы мен қонақжайлығының дәмін татқан адамдар Астанадағы осындай қабылдауға шыдайды ма? Егер біздің «EXPO-2017»-ге қатысушылардың кейбіреуі, тіпті қалаға шықпай, қайту билетін сатып алып, біздің елімізден кетіп қалса мен тіпті таңғалмаймын да. 

Кеденшілердің соншалықты артық жітілігі бүкіл ведомствоның немесе Үкіметтің саясаты емес, тек нақты осы бекеттің бастығының құлшынуы екенінде дәмем бар. Олай болса, кедендік қызметтің басшылығына және Қаржы Министрлігіне айтып білдіргім келеді: осы жігіттер бірдеңені дұрыс істеп тұрған жоқ деймін.

Comments: 0