Мен – атеистпін.

Мен табиғаттан тыс күштерге сенбейтін жанмын. Ал физика, химия, биология, әлеуметтану және т.б. заңдарға келсек, соларға сенемін.

Бірақ-та, қазір мәселе онда емес.

Біздің қоғамымызда атеизмді құптау бейдәстүрлі бағытты ұстанатыныңды мойындаумен тең сияқты, ол қалай болғаны?

Бұрынғы таңда сенімді коммунистер, комсомолдар, пионерлер қатарында жүрген жандар көзге түспестен құдайшыл адамға айналды. Бірақ та бұл адамдар өздерімен бірге бұрыңғы кеңес уақытына тән ерекше белгі алып әкелді, бұл – өзге көзқарасқа төзбеушілік. 

Жуырда, жиенімнің сыныптастары оның «мен Аллаға сенбеймін» деген сөздерін күлкі қылды. Енді ол бұл жөнінде ешкімге тіс жармауды ұйғарды. Ал мен болсам, оны, керісінше, үндемей жүруге болмайды деп сендіруге тырыстым : «Сенің атеист болуыңа құқығын бар және де одан ұялудың қажеті жоқ. Ондай адамдар көп». «Ендеше,  олар қайда? Неліктен олар үндемей жүр? Неге атеистер көрінбейді?» – деп сұрайды.

Шынымен де, қазіргі таңда атеист болу ұят жағдайға және әдепсіздікке жататындай, ал болашақта тіпті кешірілмейтін жағдайға айналатын сияқты.

Неліктен?

Діндар адамдар рухани, таза және адал болып саналады. Бірақ, бұл әрқашан да солай болатын жағдай емес.

Діндар адамдар «жезтырнақтарды» өртеді, крест жорықтарын жасады, бейбітшіл адамдарға теракт жасап зиян келтірді. Кеңестік атеистері болса, шіркеулерді қиратып, дін қызметшілерін абақтыға қамады.

Осы тізімді   шексіз жалғастырсақ, одан кім пайдасын көреді екен.

Мүмкін, адамның қасиеттері оның діни сеніміне, ұлтына және көзінің түсіне байланысты емес шығар? Сондықтан адамды   жіберген сақалына немесе мойынға таққан крестіне қарап талқыға салуға болмайды.  Еңбегіне қарай бағалау керек.

P.S. Бұл пост атеизм туралы емес. Ол өзге жанның көзқарасына төзімді болу және құрмет көрсету туралы.

Comments: 0