Жақында өзім үшін «Арзан нәрселерді сатып алу үшін мен соншалықты бай емеспін» деген мақалдың жаңа мағынасын аштым.

     Дегенмен шынында тек қана бай адам арзан нәрселерді киюге және арзан қызметтерді пайдалануға өзіне ерік бере алады.

     Неге екенін білесіздер ме?

     Өйткені ол ешкімге ештеңе дәлелдеу қажет емес. Ол танымал болды. Ол бүкіл әлемге және өзі-өзіне қолынан бәрі келетінін дәлелдеді. Осыдан кейін шаңқиған қымбат сағат пен құнды заттар, виллалар мен яхталар мағынасынан айрылады.

     Әрине, кейбір құнды заттардың мағынасы бар. Мысалы, жақсы мейрамханадағы тағам шағын дәмханадағыдан пайдалы, жарасылымдау, дәмділеу болар. Жақсы машина, арзанға қарағанда, қауіпсіз және ыңғайлылау.  

     Бірақ байлықтың тиімділік тұрғыдан мүлде түсіндіре алмастай ерекше белгілері де бар. Мысалы, ауыр, ыңғайсыз «турбийондарды» сағат қанша болғанын білу үшін емес, тек өзінің маңыздылығын көрсету үшін тағады. Үп-үлкен джиптер мен хаммерлерді мүлдем жүріс үшін емес, абырой үшін сатып алады.

     Бір кезде турбийондар мен хаммерлердің иелеріне ешкімге ештеңе дәлелдеу қажет емес сәті келеді. Дәл сол кезде олар ескі аздап қырқылған джинсы киеді, жапон сағатын тағады және біздің арамызда сыпайы жүретін болады.   

     Айтпақшы, миллионердің шаңқимаған сыпайылығы – ол оның өз-өзіне жеткіліктілігінің және өзіне сенушілігінің ең анық белгісі.

     Бұны түсінушілік біздің де «боямашылық» Қазақстанға жүре-бара келеді.     

Comments: 0