Нарықтық қарым-қатынастардың дамуымен әр қоғамда байлар мен кедейлерге жіктелу сөзсіз. Бұл біздің біреулеріміз ақылдырақ, басқалары – зердесіздеу, біреулері – талапкерлеу, басқалары – жалқаулау, біреулері – батылдау, басқалары – сақ болған сияқты дағдылы. Дәл осылай болу қажет.

Бірақ қоғамдағы жалпы ахуал, байлар мен кедейлердің арасындағы қарым-қатынастар бұларға да және басқаларына да маңызды. 

Байлар, егер күнделікті өмірде өзіне айналағылардың қызғанышын, яғни жек көрушіліктерін тудырғысы келмесе, өздерін қарапайым ұстау, өзінің байлығын дандайсымай, оны көзге түсірмеу қажет. Ыңғайлы және кең үйде, бірақ сарайда емес, тұруға болады, сенімді және әдемі машинамен бірақ айрықша үлгіде емес, жүруге болады, қымбат және жарасымды, бірақ қиқарланып емес, киім киюге болады. Дамыған елдердің миллионерлерінің көбі дәл осылай өмір сүреді – қарапайым, джинсы мен жеңіл жейделер киіп жүреді, түскі астарын жанұяларымен жай мейрамханаларда ішеді. 

Жүріс-тұрыстың осы үлгісі біз үшін қағида болу қажет.

Ал кедей адамдар өздерінің кедейлігімен мақтанбау керек. Біздің қоғамымызда кедейлік тек қана бір нәрсенің көрсеткіші болу қажет: еріншектің (әрине, адам мүгедек, бала және кеңес дәуірінің зейнеткері болмаса). Кез келген кедей ол бай немесе тым болмаса ауқатты болуы мүмкін екендігін білу қажет, тек бұл үшін еңбектену қажет.

Байлық ақылдың, еңбекқорлықтың, қайсарлықтың белгісі ретінде қабылдану қажет.

Тек қана осы жағдайда көпшіліктің жігерлілігі біреудің байлығын бүлдіруге (құқынын айыру, мемлекет меншігіне айналдыру) емес, өзінің байлығын жасауға, яғни жасампаз қалыпқа бағытталады. 

Comments: 0