Өте жиі батыс насихаты деген туралы естимін. Батыс біздің дәстүрлі қағидаларымызды бұзады, біздің тұрмыс салтымызды ойрандағысы келеді дейді.

Ал кей кезде өзімді сондай  «бұзушы» ретінде сезінемін. 

Бізге жақын орналасқан республикада менің бір танысым бар. Бұл еңбекқор, шыдамды халық тұратын айтуға тұрарлық ел. Бірақ, менің ойымша, олардың өктемшіл, тіпті полицейлік деп айтарлық режим құрған, ел билеушілерімен жолы болмады. Мен өзімнің танысыма жаным ашиды және оған жиі айтамын: сендер қазіргі өмір сүргендеріңнен жақсырақ тұруға мүмкін; өздерңнің ауыр еңбектерің үшін әділ жалақы алуға болады; еркін нарықта тұруға, тауарларды еркін сатуға және сатып алуға, валютаны еркін айырбастауға болады; елден еркін шығуға, жапан кезуге болады; демократияда, патриархаттық ескілікте емес, өмір сүруге болады және басқа туралы.  

Шынында бізде, қазақстандықтарда, осының бәрі бар, және осының бәрі біз үшін орынды көрінді. Бірақ мен оған осыны айтқанда, ол жан-жағына ақыраяды. Осындай әңгімелерді ол қастаңдық пен мемлекетке қарсы насихат деп қабылдайды. Ал оның елінің арнайы қызметі үшін мен – шынымен бұл демократия мен бақыттың өзінің ерекшілігі бар шығыс елінің «дамуының ерекше жолын» туралы мүлдем түсінбейтін зиянкестік әрекеттер жүргізетін шетел тыңшысымын.  

Comments: 0