Интернетте мынадай айтылған пікірлерді жиі естіп жүремін: «Батыс – біздің  жауымыз. Америка мен Еуропа біздің жұтағанымызды қалайды. Оларға бізді тонау оңай болу үшін еліміздің әлсізденуі қолайлы».

Ал, мәселенің басын ашайық. Шынымен Батыс нені қалайды?

Ең бастысы, әр ел өз үшін игілік қалайды және өзінің пайдасын іздейді. Мұнда таңғаларлық және жаман ештеңе де жоқ. Бұл дұрыс қой. Керісінше, бір мемлекеттен альтруизм мен риясыздықты тосу аңқаулыққа тең шығар. Сондықтан мен АҚШ пен Еурокеңес Орталық Азия елдерінде өздерінің пайдасын іздеп жүр дегеніменен толық келісер едім.

Бірақ шынымен оларға не пайдалы болады?

Дамып келе жатқан елдердің өздерінің дамуында тоқтап қалып, кедей болып қалғандарын ба? Онда жоқшылық пен кедейлік үстем болғанын ба? Өктемшіл режимдердің басым болғанын ба? Демократияның жоқ болуын ба? Табиғи ресурстарды өндіру қарауытқан болғанын ба? Елде сыбайлас жемқорлық билегенін бе?

Иә, шынында, әрбір дамыған елде «лай судан балық аулауды» жақсы көретін жанкештілерді табуға болады. Бұл тәуекелді кәсіпкерлер зор пайда табу үшін немесе қаза табу үшін «орыс рулеткасында» ойнағанды және қауіпті тынышсыз елдерге баруды жақтайды. Бірақ бұл кәсіпкерлердің негізгі мөлшері емес қой, және олардың қимылдары олардың мемлекеттерінің ресми саясатына сәйкес келмейді. Сондықтан кейбір батыстық компаниялардың басшыларын дамып келе жатқан елдердің шенеуніктеріне пара бергендері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандары туралы дүркін-дүркін естіп тұрамыз. Олардың есімдері жанжалды баспасөздердің беттерінде жиі көрініп қалады. Бірақ американдықтар мен еуропалықтардың негізгі көпшілігі – ондай емес қой. Олардың басым көпшілігі – орташа ауқатты парасатты азаматтар. Нарықтық және демократиялық құрылымның мәні олардың түгелге жуығы инвесторлар мен сайлаушылар болғандарында.  Яғни, біріншіден, өздерінің ақшаларының арқасында негізгі инвестициялық ағындарды қайда жіберетінді өздері шешеді. Ал, екіншіден, өздері берген дауыстарымен өзінің елінің сыртқы және ішкі саясатын қалыптастырады.

Сондықтан өздерінің ақшасын сақтайтын банкілер арқылы, үлестері бар инвестициялық қорлар арқылы, биржада акцияларын сатып алған жеке меншік компаниялар арқылы дүние кезіп жүріп инвестициялар үшін ең пайдалы орындарды іздеген жүздеген миллиондаған инвесторлар үшін не пайдалы? Олар не іздеп жүр екен? Шетелдік инвесторларға деген көзқарас жеке-дара әміршінің көңіл-күйіне сәйкес өзгеріп тұратын дамып келе жатқан елдің тұрақсыз экономикасына құйылған тәуекелдік инвестицияларды ма? Мұнай мен газдың кен орындарының әр сәтте ұлттандырылуы ықтимал жерлерде ме? Кәсіпкерліктің әр қимылы рұқсат алуға мұқтаж болса, ал рұқсаттар пара арқылы алынатын жақтарда ма? Жергілікті биліктер жеке меншік иелерін экономика тарапынан пайдасыз объектілерге әлеуметтік жауапты болуды және оларды қамсыздандыруды мәжбүр ететін жақтарда ма?  

Әрине, жоқ!

Бұндай экономикаға азат инвесторлар өз еңбегімен тапқан ақшаны ешқашан да жібермейды.

 Жекеше инвесторларға дамып келе жатқан болсын, бірақ болжамдалатын және де айқын экономикасы бар елдермен істес болу пайдалы және тыныш болады. Ұлықтылық байланыстарда емес, заңда болған (соттардың сатқыншылығынан олар ақшаларына айырылып қалмайды деген сөз) жерлерге,  адал бәсекелестігі бар жерлерге (олардың бәсекелестері мемлекеттік органдармен уәделесіп нарықта заңсыз артықшылық таппайды деген сөз).

Міне, дәл осындай экономикаға жүздеген миллион ұсақ батыстық инвесторлар өздерінің ақшасын жіберуге дайын.

Не үшін? Пайда табу үшін да.

Бұл пайда дамып келе жатқан елдің аумағында табыла ма? Иә.

Содан кейін бұл ақша сол елден шығарылады ма? Иә. Ақыр аяғында, әр американдық инвестор өзінің табысын, мысалы, алыс Қазақстанда қолма-қол ақша етіп алуды және Флоридада өзіне кішкентай үй сатып алуды қалайды.

Міне қалайша Батыс дамып келе жатқан елдің арқасында пайда тапқысы келеді. Осы елге нарықтық ережелер бойынша әрекеттенетін өркениетті болуға көмектесіп, одан кейін өркениетті түрде одан толық пайда көру. Еш басып алушылықсыз, бомбылаусыз және атыссыз, соғыссыз. Өз қамын көздеу ме? Иә. Бірақ біз осының алдында ешкімді өзімшілдік үшін кінәламаймыз деп уәделесіп едік қой, өйткені ол бүтіндей табиғи ғой.

Бұған өзіміздің тарапымыздан қарап көрейікші. Ал біз үшін бұл пайдалы ма екен?

Біз үшін елімізде заңдар істегені, қор нарығы еш шалықсыз қызмет еткені, әртүрлі валюталар оп-оңай құйылып, шығып жатқаны, біздің бүкіл еліміз кәсіпкерлік үшін тартымды болғаны пайдалы ма?

Менің ойымша, осының бәрі біздің мүдделерімізге сәйкес келетін сияқты.

Шетелдік инвестициялардың біздің елімізге келгені, олардың есебінен зауыттар мен фабрикаларды салған, одан кейін табыстың бөлігі кері шетелге кеткені біз үшін пайдалы ма? Әй, құдай үшін! Табыстың өздерінің бөлігін ала берсін, бірақ солардың ақшаларына осында мәңгі қалатын объектілер салынады ғой. Солардың ақшаларына ең жаңа технологиялар енгізіледі. Олардың ақшаларынан қазақстандықтар жұмыс орындарын және жалақыларын алып отырады, ал ең бастысы – тәжірибе мен білім алады.

Егер де Батыс дамып келе жатқан елдерді дәл осылай «басып алғаны» мен «тонағаны» туралы сөз шығатын болса, меніңше, ешкім бұған қарсы болмас.  

Бұл экономикалық тарапы.

Саяси тарапы жағынан да Батыстың мүдделерін түсінуге тырысып көрелік.

АҚШ пен Еуропа үшін Орта Азияда тұрақсыз жағдай болғаны пайдалы ма? Батыс елдерінің азаматтарды бұдан не ұтып алады екен?

Әлемнің қандай болса да аумағындағы тұрақсыздық сәтті елдерге, яғни, дәп сол Америка мен Еуропаға, ұмтылған мигранттардың ағынын туғызады. Кейінгі жылдары бұл ағын, еуропалық тоғышарларды мазалатып, соншалықты ірі болып кетті, сондықтан олар, керісінше, Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру үшін ақшаларын жұмсауға дайын, тек қана мигранттардың тобырлары олардың елдеріне өтіп кетпегені үшін. Соңғы кездері мигранттыққа қарсы бағыттанудар көптеген еуропалық елдерде  кеңінен таралуы бекер емес шығар.

Иә, АҚШ пен Еуропада, қару сатып, пайда табатын олигархтардың  кішкентай, бірақ ықпалды топтың болуы мәлім. Иә, халықаралық жағдай нашарлаған кезде талап етілетін әскери басшылыққа жақын саясаткерлердің тобы да бар. Бірақ не біреуінің, не екіншісінің тигізетін әсерлерін асыра көрсетудің қажеті жоқ. Көбінде елге шындықты айтып көрсететін  баламалы көзқарастары бар демократиялық елдерде.

Дамып келе жатқан елдердегі түрақсыздық соңғы кездері Батыстың тоғышарларды ол солардың үйлеріне террорлық актілер ретінде кіріп кетуінің оңайлығына көздерін жеткізді.

Сондықтан да Батыстың қатардағы азаматтарының басым көпшілігі әлемде тұрақтылық, демократия, теңдік, татулық үстем болуында құштарлы. Яғни, өздері бақытты болатын, өздері үйреніп кеткен дәстүрлері бар. Ешкім ешкімге қысым көрсетпейді, бәрі де жұмыс істейді, тауарларды өндіреді және қызмет көрсетеді, әртүрлі нәсілдерге және конфессияларға жатады, және де қатар тату өмір сүреді. Дәл осындай тәртіпті олар бүкіл әлемге таратқылары келеді. Және осы елдердің көшбастары дәп сол идеяны насихаттайды ғой. Олардың біреуі де ешқашан бұлай айтпас: «Қазақстанды тонайықшы, ал оның табиғи қорларын басып аламыз да, байып кетеміз!». 21 ғасырда мұндай саясат батыс қоғамда қолдау таба алмас, өйткені жалпы адамдық құндылықтар ол жақта жеке олжаның құндығынан мықтылау болар (тым болмаса, басқалардың  қайғысының арқасында). Сондықтан да осы елдердің көшбастары Қазақстанды тонамайды, тек қана батыстағыға ұқсас өмір құруға көмектеседі.

Батыстық өмір қалпы Қазақстанның тұрғындарының өзіне немесе оның басшыларына ұнамауы мүмкін деген сөз мүлдем басқаша әңгіме. Біреулерге кеңестік өмір қалпы, кейбіреулеріне патриархаттық тұрмыс салты, кейбірелерге Шариғат бойынша өмір сүрген, ал кейбіреулерге шексіз биліктің қатаң тәртібі ұнайды. Бірақ бұл Қазақстан халқының өзін өзі билеудің басқа ішкі мәселесі емес пе. Біз қалай өмір сүретінімізді өзіміз шешеміз. Ал мен мұнда Батыстың іс-әрекеттеріне біздің дамып келе жатқан елін құрту не талқандату ниеттері жоқ екенін дәлелдегім келіп еді.

Comments: 0