Есімде, Қостанайда тұрғанымызда, жылы күндерінде жұмыстан кейін біз жұбайымызбен міндетті түрде Әл-Фараби даңғылы бойымен Орыс театрдан Сити-орталығына дейін серуендегеніміз. Сонымен бірге Қостанайда іш пысарлық, барар жер жоқ, ал Астана болса – мүлде басқа шаруа  деп мұңаятынбыз!

     Одан кейін біз астанаға көштік. Алғашқы екі жыл ішінде біз қаланы таын білдік және қазір оны бес саусақтай білеміз. Кей кезде демалыстарда бір бірімізге наразылық білдіреміз: кішкентай қала, барар жер жоқ, ал Париж болса – мүлде басқа шаруа!

     Ал бір жолы Парижде ескі досымызбен кездесіп қалдық. Ол сол кезде көп жыл бойы Франциядағы Қазақстанның Елшігінде жұмыс істеп жүрген. Парижды бес саусағындай білген. Міне ол кофе ішіп, круасанды тістеп отырып арманшылдап айтатын: «Қойындаршы, Париж дегенің не? Бос сөз! Барар жер жоқ. Шіркін-ай! Туған Қостанайдағы өзімнің көшемде жүріп қыдырғаным үшін мен көп нәрсе берер едім!».

Comments: 0