Консалтингтік компаниямен қатынасхаттардан:

–  Сәлеметсіз бе, Алексей. Сіздің ұсынысыңыз мені қызықтырды. Ол баға мен қызметтер көлемі бойынша Сіздің бәсекелестеріңіздің ұсыныстарынан өзгеше тиімді көрінді. Өтінемін, маған келісім жіберіңізші.

– Сәлеметсіз бе, Марат. Келісімді жіберемін. Ал бәсекелестер жайында былай: бұл салада бізде бәсекелестеріміз жоқ. Біздің сайттан және де тағы басқа жерлерден үстірт білімді жұлып алып, өздерін маман деп көрсететін кешегі біздің клиенттеріміз ғана бар. Бізден басқа бұл мәселенің басын ешкім терең аша алмас. Бұл рас.

– Алексей, кешіріңіз, бірақ өзіңіздің соңғы сөздеріңізбен Сіз мені ес жидырмай тастадыңыз. Өзімнің бизнес-серіктесімде көбірек игілік көргім келіп еді. Өкінішке орай, Сізбен ынтымақтастықтан бас тартуға мәжбүрмін. Маған жұмсаған уақытыңыз үшін ризашылық білдіремін. Сау болыңыз.    

Comments: 0