Есімде, біз, қазақстандық әскерге шақырылғандар, КСРО байланыс әскердің оқу бөліміне келіп түстік. Бұл шұбар қазан болатын: грузиндер, өзбектер, шешендер, қазақтар, украиндықтар. Үшінші күннің өзінде ұлттық салдардан қақтығыстар басталды. Одан кейін қазақтар мен грузиндер арасында жаппай төбелес басталды. Командирлердің үрейлері қашты, бізді қалай тыныштандыруды білмеді.    

     Ақырында, жарты жылдық курс аяқталды, бізді бөлімдерге жіберді. Ал бөлімдерде карантин деген түсінік болған. Жаңадан келгендер екі апта негізгі құрамнан оқшауланып тұрады. Осылайша оларды «ересектердің өміріне» дайындайды))).   

     Міне, осы карантинге менің бөлімімде оқу бөлімінен тек қана қазақтар түскен. 

     Не басталғанын таба аласыздар ма?

     Дұрыс, қазақтар облыстар бойынша топтана бастады. Жамбылдықтар бөлек, қарағандылықтар бөлек, алматылықтар бөлік. Іс төбелестерге жете жаздады. 

     Расында, ортақ жау бірлестіреді.  

     Жау болмағанда жолдастың да жауға айналуы оп-оңай. 

Comments: 0