Все статьи из рубрики "Қоғам"

Жұрттың соттарға ықпал етуі

Кейбір сот үдерістерін соттың шешімі (үкімі) шықпағанша, сонымен қатар одан кейін де талқылауға азаматтардың құқығы бар ма?  

Бар деп санаймын.

Менің ойымша, соттардың әрекеттерін талқылау демократиялық елдің азаматтарының іргелі құқығы болып табылады. Ол жалпы сөз бостандығы ізгі құқығынан туындайды. Еркін қоғамда тыйым салынған тақырыптар болмау керек. Бұл құқық тек қана соттарға тарамайды, сонымен қатар барлық мемлекеттік органдарға да қатысы …

Read more
Comments: 0

Дейл Карнеги «Достарды қалай өзіңе қаратып алуға болады»

Ерте бір кезде осы кітап маған зор әсер еткен. Мен оны әлі күнге дейін кейбір кездерде қайта оқып тұрамын. Кім әлі оқымаған болса, оқып шығуды өте ұсынамын. 

Ал оқуға  уақыты  жоқтары ұшін міне қысқаша мазмұны:

Адамдармен қарым-қатынастардың басты қағидасы:

«Адамдарға ұнағыңыз келсе – оларға ұнайтынды істеңіз!»

Осы мақсатқа жетудің тәсілдері:

1. Сынамаңыздар.

2. Мақтаңыздар (тек қана бүкпесіз және мақтауға тұрарлық …

Read more
Comments: 0

Сын

Сынағанды қабылдамайтын адамдарды ешқашан түсіне алмадым.

Олар өздеріне сынап айтылған әр сөзге ренжиді; сыртынан біреу зәрлі ескерту жасамасын деп барынша ынталанады; қандай болмаса да ұнамсыз сөйленген сөзден жұдырықтары тас түйіледі немесе ол мысқылшыл «Өзіңе қара» деп қайтарып тастайды.

Мен осындай адамдарды аяймын.

Сыннан бет бұру айнаға теріс қарағанға тең.

Айнаға қараудан қашқақтаудан сен сұлуырақ және тазарырақ бола алмайсын, тек өзіңмен …

Read more
Comments: 0

«Патшалар» және «көсемдер»

       Диктаторлардың екі түрі болады.

       Бірінші – бұл «патшалар» немесе «хандар».

       Олар билікте ұзақ отырып, барынша пайдаға кенеліп қалуға тырысады. Олар елдегі ең бай адамдар атанып, ағайын-туысы мен таныс-тамырлары «Forbes» тізімінен ойып тұрып орын алады. Ең қымбат яхталар, ұшақтар мен қайықтар да олардың меншігінде болады.

       Жиған байлығы өзімен қоса …

Read more
Comments: 0

Мейрамханалық қарағылық

Жанұямызбен Парижде болғанымызда Елисей алаңындағы «Paul» наубайханасына кіріп, багет, круассан алып көршілес «Starbucks» дәмханасына (онда кофесі дәмділеу) шығып кеттік. Отырдық, таңертеңгі асымызды іштік.

Өткен жылы Парижден достарымызға дәмді сарқыт әкелгенімізді кенет еске түсірдік. Оларды әйгілі астаналық мейрамханаға шақырдық, кешкі асқа тапсырыс бердік, ал тәттіге өзіміздің сарқытымызды алып шығардық. Сол сәтте даяшы, одан кейін әкімгер жетіп келді де, олардың мекемелерінде бөтен …

Read more
Comments: 0

Бай адамдардың арзан нәрселері

     Жақында өзім үшін «Арзан нәрселерді сатып алу үшін мен соншалықты бай емеспін» деген мақалдың жаңа мағынасын аштым.

     Дегенмен шынында тек қана бай адам арзан нәрселерді киюге және арзан қызметтерді пайдалануға өзіне ерік бере алады.

     Неге екенін білесіздер ме?

     Өйткені ол ешкімге ештеңе дәлелдеу қажет емес. Ол танымал болды. Ол бүкіл әлемге және …

Read more
Comments: 0

Өзгенің қателігі

           Неліктен адамдар өзгенің қателігі мен жеңілісіне соншалықты қуанады?  Әсіресе танымал адамдар.

          Менің ойымша, бұл өзінің әлсіздігін санасымен ақтауы деп ойлаймын.

          Ойлағанға жақсы :« Мен мінсіз емеспін, бірақ кім мінсіз? Қараңыздар, тіпті ұлы адамдарда қателік жібереді. Менен не сұрай алады?». Сонымен жаның жеңілдей түседі.…

Read more
Comments: 0

Көрсетілім үшін байлық

Менің танысымның ұлы Чехияның бір университетінде білім алып жүр.  

Жуырда ол баласының хал-жайын білу үшін барып келді. Ұлының курстастарын, көбінесе чехтарды, қазақ ұлттық тағамдарымен сыйлайыншы деп, жатақханада дастархан жайды. Отырыс алдында ұлы шешесіне кенет былай деді: «Анашым, сен менің достарымның көзінше өзіңнің «Dior» сөмкеңді және iPhone-6-ны шығармашы, өтінемін». «Неге?» – деп менің танысым аң-таң болып қалды. «Білесің бе, – …

Read more
Comments: 0

Нөкер

          Нөкер патшаны жасайды деген сөз бар.

          Бірақ ең алдымен патша нөкерді жасайды (патшаға бағынышты адамдарды еріксіз еріп қосқан жағдайларынан басқа).

          Сондықтан да әр бағынышты қызметкер өзінің басшысының қандай да бір қасиеттерінің және ерекшеліктерінің көрінісі болып табылады. Ал әр басшы өзінің бағынышты қызметшісіне сай болады.

  …

Read more
Comments: 0

Даяршылардың түрлері.

    Барлық даяршыларды шартты түрде төртке бөлемін: «мырзалар», «қызметшілер», «роботтар» және «достар».
«Мырзалар» өздерін тәкаппар ұстайды, әзер сөйлеп тұрады, жүздерінен сыр бермейді. Кеңес Одағы кезінде сатушылар тұтынушылардан үстем болғанда осындай даяршылар басым болатын. Қазір мұндайлар сирек кездеседі. Қымбат мейрамханаға джинсы мен футболка киіп барсаңыз, жолығып қалуыңыз мүмкін.

    «Роботтар» – нұсқаулықтар мен бұйрықтар шеңберінен шықпайтын орындаушылар. Олар

Read more
Comments: 0