Все статьи из рубрики "Қоғам"

Ресейлік стартаптарға біздің қарым-қатынасымыз.

Соңғы кездері біздің сатылым «воронкамызда» ресейлік стартаптардың саны өсті. Бұл түсінкті де. Ресейдің экономикасы дағдарыста, мобилизация қаупі көптеген бизнесмен мен стартаперді елінен кетуге мәжбүр етті, ал оларды арасында адекват, талантты кәсіпкерлер баршылық. Олар тұрақты және агрессия жоқ жерде өз күштерін сынағысы келеді.

Ал қазақстандық венчурлік инвесторлар оларға қалай қарауы керек?

Компаниямызда бұл мәселені талқылап, келесі тезистерді анықтап алдық.

Бірінші. Соғысып …

Read more
Comments: 0

Жалған ақпарат таратпау туралы келісім.

Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы заң қабылданғанда бұл жаңалыққа түсіністікпен қарадым.

Банктың банкроттығы туралы сыбыстан кейін халық депозиттерін алып, банк шын банкрот болуы мүмкін екендігін жақсы түсінемін.

Немесе Алматыдағы жер сілкінісі туралы қауесет халықтың үрейін қашырып, әуежайлар мен вокзалдарда кептеліске әкелуі мүмкін.

Барлық осындай жағдайда біреудің тентектігі және теріс пиғылы адамдарға зор зиянын тигізуі мүмкін.

Заң …

Read more
Comments: 0

Титулды ұлты.

Титулды ұлт деген не?

Бұл мемлекетімізге атау берген ұлт, тілі және мәдениеті елімізде негізгі болып саналатын ұлт, әлем елдері арасында мемлекетіміздің өзіндік ерекшелігін анықтайтын ұлт.

Шетелдіктер Қазақстан туралы айтқанда мемлекеттік тіліміз орыс, украин немес ұйғыр тілі емес, қазақ тілі деп түсінеді, ұлттық тағамымыз щи, хе немесе гренки емес, бешбармақ деп ойлайды, ұлттық батырымыз Александр Суворов, Наполеон немесе Степан Бандера емес …

Read more
Comments: 0

Рамиль Мухоряповтың сөзі туралы.

Әртүрлі жағдай болады.

Бірінші – дүкенге турист кіріп, өз тілінде сатушымен сөйлесе бастайды, ал сатушы оның тілін білсе де, ол тілде жауап бермейді.

Францияда жиі осындаймен ұшырастым. Көптеген француз ағылшын тілін жақтырмайды, білсе де, сөйлемеуге тырысады. Бұл ағылшынның француз тілін ығыстырып, әлемде үстемдік құруын қызғану болар.

Алайда фрацуздардың бұл қылығын орынды деп айта алмаймын. Турист Парижде бірнеше күн ғана болады, …

Read more
Comments: 0

Жемқорлық және демократия.

Көптеген жылдан бері қазақстандықтар жемқорлықтан зардап шегіп келеді де, оны жоюды немесе тым болмаса қысқартуды талап етуде. Алайда бұл үндеулер мәселенің себебімен емес, салдарымен күрес болып табылады.

Бұл арамшөпті жұлып, бірақ тамырын жерде қалдырғанмен тең. Шындап келгенде жемқорлық қоғамдағы авторитарлы әрі демократиясыз құрылым нәтижесі. Саяси және қоғамдық күштер арасында бәсеке жоқ жерде, орталықтанд басқарылатын бір ғана билік бар жерде, партиялар …

Read more
Comments: 0

Ресейден келгендерге қазақстандықтардың қарым-қатынасы.

Путин 21-қыркүйекте мобилизация жариялаған соң Украинамен соғысқа барғысы келмеген ресейліктердің легі Қазақстанға ағылды.

Бұған қазақстандықтардың көзқарасы әртүрлі.

Қазақстандықтардың біразы наразы екенін айтып та жатыр. Әрине бұған себептер бар.

Бірінші.

Саны көп халыққа жұтылып кету қорқынышы. Көшпенді қазақтар ғасырлар бойы кең-байтақ жерге ие болса да, саны аз халық болып келді. Қазақтың жерін жоңғарлар, орыстар және тағы басқалар басып алғысы келді. Шапшаң …

Read more
Comments: 0

Жақын-жат, ақ-қара.

Бәріміздің басымыздан өткен дилемма шығар: дау-жанжалда кімнің жағына шығу керек – саған жақын адамның жағына ма әлде аққа жақ болу ма (жақын адамыңның ісі әрдайым жөн бола бермейді ғой).

Мысалы, ұлыңыз аулада көрші балаға тиіседі. Сосын ол баланың әкесі шығып, сіздің ұлыңызға сазайын тартқызады. Ұлыңызға болысу керек сияқты, бірақ кінәлі өзі.

Немесе кешке аулада келе жатырсыз. Ал онда достарыңыз бір …

Read more
Comments: 0

«Патшалар» және «көсемдер».

Диктаторлардың екі түрі болады.

Бірінші – бұл «патшалар» немесе «хандар».

Олар билікте ұзақ отырып, барынша пайдаға кенеліп қалуға тырысады. Олар елдегі ең бай адамдар атанып, ағайын-туысы мен таныс-тамырлары «Forbes» тізімінен ойып тұрып орын алады. Ең қымбат яхталар, ұшақтар мен қайықтар да олардың меншігінде болады.

Жиған байлығы өзімен қоса ұрпақтарынан да артылып қалатын болса да «патшалардың» көзі тоймайды. Айналасындағы адамдарды байлық …

Read more
Comments: 0

Эгоизм және тілектестік.

Адамның мінез-құлығы негізгі екі түйсікке бағынады: аман қалу және ұрпақ қалдыру. Бұл түйсіктер табиғаттағы барлық тірі ағзаға тән, осының арқасында аман қалып, ары қарай дамыды.

Алайда адам шын ниетін қалай әспеттеп, боямаласа да, негізгі түйсіктер оны алдымен өз қамын, жеке басын, амандығын және ұрпағын ойлауға итермелейді, яғни бірінші орында «эго» тұрады.

Олай болса, мынадай сұрақ туады: онда адамдар неге тілектестік …

Read more
Comments: 0

Көпшіліктің сотқа ықпалы.

Шешім (үкім) шыққанға дейін және шыққаннан кейін азаматтардың сот істерін талқылауға құқығы бар ма?

Бар деп санаймын.

Менің ойымша, соттардың әрекетін талқылау демокартиялық елдердегі азаматтардың негізгі құқығы болып табылады. Бұл жалпы сөз бостандығына деген құқықтан шығады. Еркін қоғамда тыйым салынған тақырыптар болмауы тиіс. Бұл тек соттарға емес, барлық мемлекеттік мекемеге де қатысты. Соттың да, Үкіметтің де, Парламенттің де шешім қабылдау …

Read more
Comments: 0