Барлық даяршыларды шартты түрде төртке бөлемін: «мырзалар», «қызметшілер», «роботтар» және «достар».
«Мырзалар» өздерін тәкаппар ұстайды, әзер сөйлеп тұрады, жүздерінен сыр бермейді. Кеңес Одағы кезінде сатушылар тұтынушылардан үстем болғанда осындай даяршылар басым болатын. Қазір мұндайлар сирек кездеседі. Қымбат мейрамханаға джинсы мен футболка киіп барсаңыз, жолығып қалуыңыз мүмкін.

    «Роботтар» – нұсқаулықтар мен бұйрықтар шеңберінен шықпайтын орындаушылар. Олар артық күлмейді, қажет болмаса, клиентке жақындамайды да, бірақ міндеттерін мүлтіксіз орындайды. Әдетте олар уайымшыл, кейде тіпті енжар болады.

    «Қызметшілер» бар болмысымен сізге қызмет көрсетуге және сіздің кез келген тілегіңізді орындауға дайын екендігін көрсетеді. Олар ширақ, жылпос, зерек, тіл алғыш. Мұндай даяршыларды Шымкентте көп көрдім. Бұл қызмет көрсету саласындағы жоғары бәсекелестік пен клиенттерге деген қатаң тартыстың белгісі.

    «Достар» өздерін клиентпен жақын досы ретінде ұстайды. Клиентке жылы шырай танытып, ауа райы туралы сөйлесуі мүмкін, балаңыздың басынан сипап, кәмпит сыйлауы да ғажап емес. «Достар» өздерін не қызметші, не мырза ретінде сезінбейді. Олар өздерін терезесі тең санайды. Мұндай даяршыларды көбінесе Еуропада шағын отбасылық мейрамханаларды кездестірдім. Ол жақта даяршы ғана емес, тіпті қожайынның өзі залға шығып, кез келген ұстелге барып, клиенттермен емін-еркін әңгіме дүкен құра алады, қалашықтағы соңғы жаңалықтармен бөлісіп, жаңа әзілден айтып беруі мүмкін.

    Ал сізге даяршылардың қай түрі ұнайды?

Comments: 0