Өткенде таныс италиялықпен  кездесіп, әңгіме мемлекеттік қызметтер тақырыбына ауысып кетті. Оған біздің ХҚКО жүйесі қатты ұнапты. Оларда жағдай басқаша, халық әлі де бірнеше мекеменің табалдырығын тоздыруға мәжбүр екен.

           Италияда қағазға басылған  «Codici fiscale» (біздің бұрынғы СТН) деген құжатты өзіңмен алып жүру қажет болып шықты. Біз мұндай қағаздың болғанын да ұмыта бастадық. ЖСН куәлікте жазылған ғой, қосымша қағаздың қажеті не деп сұрадым. Танысым да ойланып қалды.

          Сосын ол маған «Carta d’Identita» (бізде – жеке куәлік) деген екі парақты кітапша түріндегі құжатын көрсетті. Оған өзімнің пластик куәлігімді көрсеттім. Италияның кей аймақтарында да пластик куәліктер береді екен, қағаз куәліктер де қолданыстан шықпаған. Унитарлы мемлекетте жеке куәліктің ортақ үлгісі болмағанына таң қалдым. Танысым да нақты себебін айта алмады.

          Мен де қоймай, Қазақстанда Интернет арқылы 5 минутта компания ашуға, арнайы ХҚКО-да бір сағатта жүргізуші куәлігін аыстыруға және тағы біраз шаруа бітіруге болады деп көсілдім.

          Танысым Қазақстанды жаңа қырынан ашқандай болды.

         «Мемлекеттерің дамып кетіпті, жарайсыңдар!», – деді.

Comments: 0