«Сүйісіп тұрған» Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постер бойынша шыққан жанжалды ұзақ байқап отырдым. Өзімнің де пікірімді білдіргім келді.    

Бұл сурет неліктен көптеген қазақстандықтарды аяқтарынан тік тұрғызды? Неліктен кейбіреуі сотқа шағымданып, миллиондық сомадағы өз басына келтірілген рухани залалды өтеуді талап етті?

Ұлы классиктерді гомосексуалисттермен еріксіз теңестіру олардың сезімдерін қорлаған екен.

Қорлапты!

Бұл оқиғадағы негізгі болған осы сөз екен. Ызаланған адамдар біреуді гомосексуалисттерге теңдегенді оларды қорлау деп санайды. Яғни, гомосексуалисттерді олар лайықсыз немесе қылмысты біреулер деп санайды екен ғой.

Ал мен бұлай санамаймын.

Гомосексуалисттерді мен басқа адамдар сияқты деп санаймын. Сондықтан дәстүрлі емес бейімделуге сілтеулі адамды вегетарианшыл немесе кришнаиттерге теңдеген сияқты, тіл тигізу деп санамаймын. Сондықтан Құрманғазы мен Пушкин туралы ескертулер оларға деген жоғары сезіміме еш қатты тимеді. Одан да басқасын айтайын. Егер олар шынында дәстүрлі емес бейімделген адамдар болса да, олардың поэмалары мен күйлеріне көңілім суымас еді,  мен оларды бұрынғыдай жақсы көріп, құрметтеуші едім. Өйткені мен үшін адам қандай бейімді екендігі маңызды емес (шынымды айтқанда, бұл маған мүлдем бәрібір), адам ретінде, тұлға ретінде көрінетіні мен үшін маңыздылау болар.

P.S. Бірден ескерте кеткім келеді: гомосексуалды қарым-қатынастар мен үшін ұнамсыз, тіпті жиіркенушілік тудырды. Сонымен қатар ішімдік пен шылым, сырадан олпы-солпыланған қарындар және де тағы көп нәрселер де мен үшін ұнамсыз. Ал не істеуім керек? Егер адамдарға өздерін уландыру немесе өздерінің денсаулықтарын құртқан ұнаса, бірақ сонымен олар маған қауіп төндірмесе, мен неліктен оларға кедергі жасауым керек? Бұл олардың жеке таңдаулары. Тұлғаның еркіндігінің мағынасы дәл осында болады. 

P.P.S. Ұстамды либерал ретінде мен сексуалды қарым-қатынастардың еркіндігін жақтаймын, бірақ мен гомосексуалды қарым-қатынастарды балалар арасында, яғни көпшілік орындарында, насихатталуына қарсымын. Бірақ осы оқиғада, менің білуімше, постер жабық пайдалануға жасалып шығарылған және де оның жаппай таралуы жоспарланбаған.  

Comments: 0