Ерте бір кезде осы кітап маған зор әсер еткен. Мен оны әлі күнге дейін кейбір кездерде қайта оқып тұрамын. Кім әлі оқымаған болса, оқып шығуды өте ұсынамын. 

Ал оқуға  уақыты  жоқтары ұшін міне қысқаша мазмұны:

Адамдармен қарым-қатынастардың басты қағидасы:

«Адамдарға ұнағыңыз келсе – оларға ұнайтынды істеңіз!»

Осы мақсатқа жетудің тәсілдері:

1. Сынамаңыздар.

2. Мақтаңыздар (тек қана бүкпесіз және мақтауға тұрарлық үшін; мақтау үшін әр адамда  бірдеңесі бар).

3. Адамдарға күлімдеңіздер.

4. Әңгімелесушінің есімін жиі атаңыз. 

5. Сізге емес, сіздің әңгімелесушіңізге қызықты туралы айтыңыз.

6. Жақсы әңгімелесуші болыңыз. Көбірек тыңдаңыз, аз сөйлеңіз.

7. Өзіңіз туралы емес, әңгімелесуші туралы айтыңыз. 

8. Әңгімелесушіге жаңа пікір оның пікірі деп санауға мүмкіндік беріңіз.    9. Жайсыз әңгімені жақсы нәрседен бастаңыз. 

10.Өзіңіздің сұрағыңызды әңгімелесуші «иә» деген жауап қайтаратындай тұжырымдаңыз.

11. Әңгімелесушіде құмарлық, ықылас, атаққұмарлық қоздырыңыз.

12. Дауласпауға, тек сізді әңгімелесушімен бірлестіретін туралы көбірек айтуға тырысыңыз.

13. Өзіңізді әңгімелесушінің орнына қойып, әңгімеге оның көзімен қараңыз.  

14. Егер сіздікі жөн болмаса, оны мойындаңыз.  

15. Егер әңгімелесуші жөн еместігін ұқса, оған өзіндік қадірін түсірмей ұстауға көмектесіп жіберіңіз. 

Comments: 0