Жақында менің ұлым маған демократияның тағылымын көрсетті. 

Міне ол қалай болды. 

Жанұямызбен бәріміз (мен, жұбайым, қызым мен ұлым) машинамен келе жаттық. Біздің қызымыз музыканы ұнатады, ал ұлымыз – тыныштықты. Қызымыз музыканы қосып қоюды сұрады. Біз жұбайымыз екеуміз қарсы болмадық, сондықтан қостық. Кенет ұлымыз музыканы өшіріп тастауды сұрады, өйткені ол оған бөгет жасайды деді. Дау басталып кетті. Дауысқа салуды шештік. Даустың көпшілігімен музыка жеңіп шықты.    

Ұлым бірдеңені ойлап бір минутқа тынышталып қалды да, маған ең бастысы ретінде  (отбасымызда мен басы деп саналамын) арнап сөз сөйледі.

– Әке, сен демократия үшінсін ғой? – деп ол байқап бастады. 

– Иә, әрине, – ұлым ойлап шығарған қу қисынды жолын ойша бағамдап дедім мен. Біз осының алдында ғана демократиялық түрде дауысқа салдық қой.   

– Ал демократия дегеніміз не? Ол азшылықтың құқықтары мен еріктерін сақтай отырған көпшіліктің билігі. Дұрыс па?  

– Дұрыс.

– Ал қоғамдағы тұлғаның еркіндігі дегеніміз не? Ол бөтен біреудің еркіндігін бұзбайтын бәрін істеу еркіндігі. Дұрыс па?

– Дұрыс.

– Міне, мысалы, мен тып-тыныш отырмын және бөтен біреудің еркіндігінің шекарасын бұзбаймын: сендерді итеріп отырған жоқпын, дыбыс пен иістерді шығарып отырған емеспін және т.б. Менікі дұрыс па?

– Иә.

– Ал сендер үшеулерің, көпшілік болсаңдар да, менің кеңістігіме кіріп кеттіңдер. Сендердің қатты музыкаларың ештеңемен шектелмеген және менің құлағыма құйылып тұр. Менің еркіндігім ешкімге кедергі жасамайды, ал сендердің еркіндіктерің маған кедергі жасап тұр ғой. Сонда біздің кіміміздікі дұрыс болғаны?      

Мен ойланып қалдым. 

Мейрамханада шылым шегетін көпшілік шылым шекпейтіндерді никотинді жұтуға мәжбүрлей алмағанда дәл осы қағидат әрекет етеді ғой.

Үшақта музыканы қатты қоюға тыйым салып, әр жолаушыға жеке құлаққап бергенде де дәл осы қағидат әрекет етеді ғой.

Ал менің ұлымдікі дұрыс қой, сайтан алғыр!    

Музыканы, қызымның наразылығына қарамастан, өшіріп тастауға тура келді.

Міне менің ұлым демократияның қандай тағлымын маған көрсетті.  

Comments: 0