Біз атайтын зайырлы демократиялық мемлекеттің түсінігі бойынша дін мемлекеттен бөлінген, азаматтарда дінге сену бостандығы бар, барлық конфессиялар тең болады.

          Бұл іргелі қағидаттар.

          Алайда кәдімгі өмірде рұқсат етілген және рұқсат етілмегеннің шекарасын белгілеу өте қиын. Бұл шекара заңдарда жиі белгіленбейді және адамның сана-сезімінде болады, соған байланысты нақты емес және тұрақсыз болып келеді. Осыдан даулар туады.

          Бірақ мемлекеттегі жалпы өзара түсінушілік пен бейбітшілікті сақтау үшін пікір алмасудың, осы шекараны белгілеудің және оны айналадығыларға қатысты түзету қажеттігінің маңызы зор.

          Мысалы, мен еркін қоғамда рұқсат етілген және рұқсат етілмегенннің шекарасын былай көремін:

          1.Діншілдер және атеистер бір-бірінің істеріне араласпайды. Ешкім құдайға сенуге немесе сенбеуге мәжбүр етпейді, оған қалай сену, қалай сыйыну, қандай киім кию керектігін көрсетпейді. Ешкім ешкімге кіресті немесе бетпердені киюге, сақалын өсіруге немесе шалбарларын қысқартуға тыйым салмайды. Тура солай ешкім ешкімге қысқа белдемше киюге, ашық боянуға, зинақорлықпен айналасуға тыйым салмайды. Бұл әр адамның өз еркі.

           2. Әр адамның өз қауіпсіздігін және өзінің өмірлік кеңістігін қорғауға құқығы бар. Сондықтан шекара сақшысының шекарадан өтетін азаматтардан көзілдірікті және қалпақты шешуді талап ету құқығы бар. Сол арқылы олар азаматтардың мүдделерін мемлекетке кірмек немесе одан шықпақ болған мүмкін қылмыскерлерден қорғайды. Сондықтан күзетшілер адамдар көп болатын мекемелерге, яғни әуежайларға, метроларға, вокзалға кірген әйелден бетпердесін шешуді талап ете алады. Бетперде астында жарылғыш затты алып келген, қылмыскер жасырынуы мүмкін. Күзетшінің тек мұсылмандық киімдегі емес, сондай-ақ, кез-келген кең киім киген адамды қарап шығу құқығы бар. 

           3. Мемлекет шіркеулерді, мешіттерді, синагогаларды салмайды. Діни объектілер діни қауым мүшелерінің қаражатына ғана салынады. Сонымен қатар, мемлекет мақсатқа сәйкес келмеу түсініктерге негізделе отырып, діни объектілерді құруға тыйым сала алмайды. Тек қана құрылыстық қалыптардың сақталмауы тыйым салуға негіз бола алады.

           4. Мемлекетте «салт-дәстүрлі діндер» және «салт-дәстүрлі емес діндер» деген болмайды. Әр адам кез-келген дінге сене алады. Дінге дара иелік орнатуға болмайды. Мемлекеттің тек бір ғана талабы болуы керек: діни оқыту басқа адамдарға қатысты зорлық-зомбылықты насихаттамау керек. Осындай ағымдар тыйым салынған болып жарияланады. Бұл басқа адамдардың тек қана қауіпсіздік түсініктеріне байланысты жасалады.

           5. Атеистер діншілдердің сезімдерін құрметтейді, ал діншілдер атеистердің сезімдерін құрметтейді. Алайда бұл бір-бірінің көзқарастарын талқылауға және бір-біріне қатысты әзіл айтуға тыйым салынғанын білдірмейді. Атеистер құдай жоқ деп ашық айта алады. Бұл діншілдердің сезімін қорлағанын білдірмейді. Атеистер құдайға және пайғамбарларға келемеж суреттерді сала алады, ал діншілдер «құлап бара жатқан ұшақта атеистер болмайды» сияқты әзілдерді айта алады. Бұл қалыпты жағдай. Осыған ешкім ренжімейді.

           6. Қоғамда діни көзқарастардың қалыптасуы есейген шақта басталады деген пікір бар. Балалар осы мәселе бойынша әзірше саналы шешім қабылдай алмайды. Сондықтан мектептерде діннің кез-келген насихаты тыйым салынады. Әлемнің пайда болуы ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Балаларға кез-келген ерекше діни заттарды киюге болмайды, мысалы: кірестер, таспиқтар, хиджабтар, бетперделер.

            7. Діни жораларды өткізген кезде діншілдер айналадағы адамдарға ешқандай жайсыздық туғызбайды. Сондықтан шіркеудегі қоңыраулар, мұнаралардағы азандар, адам жатақханасының санитарлық қалыптары бойынша рұқсат етілген мөлшерден қатты естілмеуі керек. Бұл діншілдерге қысымшылық жасауды емес, басқа адамдардың мүдделерін, олардың жеке кеңістігіне енетін дыбыстардан қорғауды білдіреді. Сондай-ақ, атеистердің ғибадатханаларға кіруге, онда өз музыкасын қосуға және дұға оқитындарға кедергі келтіруге құқықтары жоқ. Бұл басқа адамның жеке кеңістігіне енуін білдіреді.

           8. Діншілдер мен атеистер бір-бірінің естелік күндеріне құрметпен қарайды. Оларға басқалардың мейрамдарының мағынасына сенбеуге болады, бірақ басқалардың қуанышысымен бөлісе алады және мерекелерімен құттықтай алады. Ешкім басқалардың мейрамдарына қыр көрсетіп, оны тойлаудан бас тартпайды.

Comments: 0