Бір күні досым оған сенімді құрылыс бригадасын ұсынуды сұрады. Аңқаулық салдарынан алдым да бірнеше жөндеулермен сыннан өткен шеберді ұсындым. Жуығы екі айдан кейін кездескенде досым мен ұсынған адам қаншалықты жауапкерсіз, жинақы емес, кәсіби емес және т.б. деп наразылық білдірді. Мен тыңдап отырып, ойладым: «Мен оны өзімнің шеберіммен жолықтыру сайтаныма керек пе еді? Егер мен сонда үндемесем, бәрі жақсы болатын еді. Досым басқа шеберді тауып алатын еді, мен одан сөз естімейтін едім. Біздің арамыздағы қарым-қатынастар ылғи да тамаша болатын. Мен достарыма неліктен көмектесуге тырысамын?  Ендігеде – ешқан!».

Ал жақында өзім де осындай кері жағдайға тап болдым. Жолдасымнан маған маманды ұсынуды сұрадым. Ол маған өзінің кеңесшісін ұсынды. Мен кеңесшіге жолықтым, жұқалап айтқанда, ол менің көңілімді қалдырды, ал турасын айтқанда, ол мені тіпті отырғызып кетті. Міне кеңесшіні ұсынған сол досым маған қоңырау шалып, бәрі қалай өткені туралы сұрады. Мен оған қысқаша былай дедім: «Бізде еш нәтиже шықпады». Ол өте ыңғайсызданып қалды, кешірім сұрай бастайды. Сол сәтте мен өзім осындай жағдайда болғанымды еске түсіріп, сезінулерінің барлық гаммасын түсініп, оны жұбата және қорқынышты іштеңе болмады, бәлкім, мен өзім кінәлі шығармын және т.б. айта бастадым. Ал өзім көңілі қалмаса екен және де ол достарына жақсылық жасаудан тынбаса екен деп ойлап тұрдым )))

Comments: 0