Алғашқыда сен жассың және кеудемсоқсың, жұрттің көзіне түскін келеді. Өзіңді сәнқоймын деп санайсың. Өзіңнің кентіңде немесе қалаңда жоқ заттарды сатып алу үшін ірі қалалрдың базарларына барасың.  Мақтанышпен «Abibas» немесе «Naike» сауда таңбалы спорттық костюмді, «Guchi» свитерді киіп жүресін, «Nocia» телефоны арқылы сөйлейсесің, «Time» түсініксіз атты сағат тағып жүресің. Құрдастарыңа кекірейіп қарап қоясың. Сен дүниеқорлықпен ауырып қалғаныңды байқамай қаласың.

Кейінірек өзіңнің алғашкы ақшаңды табасың. Сен олтүстік немесе солтүстік астаналарға баруға еркінсің. Сапардың негізгі – заттарды сатып алу. Осында сен алғашқы рет өзіңе «Pierre Cardin» сауда таңбалы  костюмді сатып аласың және оны, жеңіндегі заттаңбаны үзіп тастамай, киесің. Сен спортпен шұғылданбайсын, бірақ бәрібір спорттық костюмді сатып аласың, бірақ енді «Adidas» пен «Nike» сауда таңбалы, «Abibas» немесе «Naike» костюмдердегілерге жек көрушілікпен қарап қоясың. Жапондық «Citizen» сағатын тағасың, «LG» телефоны арқылы сөйлейсесің және өзіңнің алғашқы жеке меншік «Lada» көлігіңмен жүресін. Сен өзіңнің құрдастарың: кластастарың мен курстастарың, не кигендерін үңіле байқап жүресің. Сенің ауруың әл жинайды.

Одан әрі сен көбірек ақша табасың және әжептәуір ауқатты адам боласың. Сен астаналардың біреуіне көшесің, шағын аудандағы панельді үйде өзіңнің алғашқы пәтеріңді сатып аласың. Өзіңнің алғашқы шетел маркілі автокөлігіңе ауысып отырасың – «Toyota», ақыры, автокөлік не екенін білесің. Сен өзіңе алғашқы рет «Calvin Klein», «Cerutti», «Trussardi» сияқты сауда белгілерді ашасың. Алғашқы «Tissot» швейцарлық сағатыңды сатып аласың. Сен қатты ауырып қалдың.

Сен бай болып бара жатырсың. Астананың орталық ауданындағы есікшісі бар көп қабатты кірпіштен қаланған үйге көшесің. Сен шетелге демалуға және заттарды сатып алу үшін жиі-жиі барып тұрасың. Өзіңнің үстіңдегі заттардың түгелге жуығы сонда сатып алынған. «Corneliani» костюмі, «Frederique Constant» сағаты, «Fabi» туфлиі. Сенің көлігің – «BMW». Сен өте қатты ауырдың. 

Міне, ақырында, сен өте бай адам болдың. Уақытыңның көп бөлігін шетелде өткізесің. Сенде ол жақта үйің бар. Сен Париждегі Montaigne көшесіндегі немесе Миландағы Montenapoleone көшесіндегі фирмалық дүкен-салондарында киінесің. Саған бола дүкенді жауып тастау немесе сенің үйіңе жаңа топтамамен өлшеп көрсетуге келулері мүмкін. «Hermes» киімін, «Amadeo Testoni» аяқ киімін, «Vacheron Constantin» сағатын киіп жүресің, «Louis Vuitton» сөмкесін алып жүресің. Сен  «Lamborghini»-мен жүресің. Сенде  «Vertu» телефоны. Сенің дертің шарықтау шегінде.

Ал содан кейін өзгерісті кезең келеді. Сен жанып сөнесің және заттарды қуалауды қоясын. Ақша жаңға жайлы нәрселерді сатып алатын құрал ретінде сені қызықтыруды қояды. Сен оларды қызықты мәмілеге жұмсауға немесе қайырылымдық мақсаттарға пайдаланғанға қуанасың. Сен өзіңнің алтын уақытыңды киімді ұзақ таңдауға жоғалтуды қоясың, тек қана қолайлы және ыңғайлыны сатып аласың. Сен қарапайым «Levi’s» джинсіні және қымбат «Prada» кроссовкаларды киіп жүре аласың, бірақ олар қымбат болғандықтан емес, олар нақты жайлы болғандықтан. Сонымен бірге сен көзге түсетін жерде шаңқиған қызыл лейблы бар модельді сатып алмайсың. Ол сен үшін маңызды емес. Сен, ақырында, жайлы және сенімді ең қарапайым жапондық «Citizen» сағатын сатып аласың. Сен оны бұл ауыр, құбылмалы, ыңғайсыз швейцарлық турбийондар орнына әлдеқашан сатып алғың келген, бірақ жағдай міндеттеп отырды. Орта жіктелімді «Mercedes»-пен жүресің, өйткені үлкенірегі саған нақты қажеті жоқ, сонымен қатар ол нақты сенімді және қауіпсіз. Сен жиырма бөлмелі коттеджден кішкентай үйге көшесің, онда жұбайыңмен тату тұрасың және кейде қонақтарды күтуің мүмкін. Сенің балаларың әлдеқашан өсіп кетті, сондықтан сенің коттеджіңдегі 18 бөлме мүлдем керексіз болып қалды. Сен жұмысқа және үйіңе жиі-жиі жаяу барасың, сатушылар мен даяшылармен әңгімелесесің. Сен айналадағы адамдарға көз саласың, үңіліп қарайсың, құлақ қоясың. Сен өзіңнің лимузиніңнің немесе кеңсеңнің әйнектерінің артында өткізген адамдармен қатынасудың көптеген жылдарды толықтырасын. Көшеде «Abibas» немесе «Naike» сауда таңбалы спорттық форма киген жас жігіттерді көресің және оларға өзіңнің барлық қазына-мүлікіңді бере салуға дайынсың, егер олардың орындарымен және жастарымен ауысуға мүмкіндік болса.  

Сен есейдің және данагөйсің.

Енді сен  жазылып шықтың.

Comments: 0