Өзен жағалауында маған қарсы жанұя келе жатыр: әкесі, шешесі, екі баласы. Қатты сөйлеп бірдеңені талқылап келе жатыр, сонымен қатар шекілдеуікті шағып, оның қабығын жерге тастап келеді.  

Отбасының отағасына жақындадым, оның жасы менімен шамалас болар, бәлкім, сәл кішірек болатын шығар, балалардың көзінше ескерту жасамайыншы деп, бір секундқа шетке шығуын өтіндім.

– Кешіріңіз, қоқысты жерге тастамауға болады ғой, – деп ер азаматтқа айттым.

Еркек таңғалып, тіксініп қалды. 

– Ал сіздің не жұмысыңыз бар екен? – кіжірейіп менен сұрады. 

– Мен осы қалада тұрамын, ол таза болғанын қалаймын. 

Еркектің таңғалуы наразылық пен басқыншылыққа айналып кетті. 

– Білесіз бе? Өздеріңің балаларын өмір сүруге үйретіңіз!  Қарай гөр, ақылшы бола қалуын! Маған көшеде әр жүргінші ескерту жасайтын мен сізге балақай емеспін! Түсінікте ме?

– Кешіріңіз. Мен сізді ренжіткім келген жоқ, сіз неге соншалықты басқыншылықсыз? Менікі дұрыс емес пе?   

– Айтатынымның бәрін де айттым! Сау болыңыз!

Еркек бұрылды да өзінің жанұясына кетіп қалды. Олар әлі мен еститін қашықтықта болғанда, біздің әңгімеміз туралы, татымды сөздерін қосып жіберіп, өзінің жанұясына айтып жатқанын естіп қалдым. Балалары мәз-мейрам болып айқай салды: «Жарайсың, әке! Сен оның сазайынын тартқыздың!», ал әйелі жұбайының ыиғына қысыла қалып, маған жек көрінішті көз тастады

Мен қатты күрсіндім де, жолымды пәлсапалық ойлауда жалғастырдым. 

Сәл кешірек дәл осындай жанұяны дәл сондай істе кездестірдім. 

Тағы да мен отбасының отағасын шетке шақырып, оған ескерту жасадым. 

Бұл жолы еркек қымсынып күлімсіреп жауап қайтарды: 

– Сіздікі жөн. Мен әлденеден шаршап кеткен сияқтымын. Кешіріңіз. 

Содан кейін тағы да жалғастырды:

– Жігіт екенсіз, ескертпе жасап жатырсыз! Сізге көп рақмет!    

Жаныма соншама жағымды болды. Мен оның қолын қыстым, бір-бірімізге күлімсіреп, жан жаққа кеттік.   

Ер азамат өзінің жанұясына барды, олар әлі мен еститін қашықтықта болғанда, біздің әңгімеміз туралы өзінің жанұясына айтып жатқанын естіп қалдым. Ол мені саналылығым мен азаматтық белсенділігім үшін мақтап жатты. Балалары күлімсіреп, маған игігілкті қарады, ал оның жұбайы менен тағы бір рет кешірім сұрады.  

Олар шемішке салған қағаз қапшықтарды жақындағы қоқыс салғышқа бірден тастағандарын және өзен жағалауында жайбарақат әңгімелесіп серуендерін жалғастырғандарын көріп қалдым. 

Мен де күлімсіредім де  жолымды пәлсапалық ойлауда жалғастырдым.  Осы жағдайды өзіме шақтап көрдім де, әділ сынды дұрыс қабыл алуға рухым жетер ме еді деп ойланып қалдым. Және менің осындай мінез-құлқымды отбасымның мүшелері қалай қабылдайтын еді: жігерсіздігім сияқты ма, немесе игілігім сияқты ма? 

Comments: 0