Әскери жастық шағым есіме түсті.

Мен әскерде Ресей елінің бір шетінде, сол кезде Кеңес армиясында қызмет еттім (1986 ж. көктем- 1988 ж. көктем).

Әлімжеттік пен ауылдастықтың қаулап гүлденген кезі еді.

Менің қызмет еткен бөлімінде екі рота болған. Біреудің командирі бірнеше жыл қызмет еткен, көпті көрген капитан болса, екінші ротаға жас лейтенант тағайындалды.

Солардың арасында идеологиялық соғыс болды.

Басынан бастап капитан өзінің ротасында ең беделді «дедті» тауып, жиырма үш жасқа келген армян жігітті (неліктен, біздер сияқты 18-20 жастағы жігіттердің арасында жүргенін білмеймін) өзінің орынбасары ретінде тағайындап,  ротадағы тәртіпке толық жауапты болып қойды. Бұл армян жігіт «темір» тәртіп орнатты. Ротадағы қожалықты кавказдық және басқа ұлттардың ең «қарыспа» өкілдерінен тұратын топ өз қолына алды. Басқалары болса ресми билікпен қуаттанған күштің қысуымен сөзсіз бағынды. Жанағы айтқан топтың мүшелдері ешқашан жұмыс істемей, ас үйдегі және басқа біреудің сәлемдемесінен шыққан ең дәмді азық-түлікті тартып алып, шексіз демалысқа шығып, түні бойы ішімдік ішіп отырулары аздай, сонымен қатар олар осалдарды және «духтарды» (жаңа сарбаз) қорлады. Түнде, казармада офицерлер болмаған кезде, сап түзеу, жайғасу мен ояну, қолды бүгіп жазу, ережесіз жекпе-жектер және т.б. ұйымдастырылып отырды. Бірақ сыртынан қарағанда ротата тәртіп патшалық етті. Капитан ротаға келген кезде, барлық сарбаздардың шашы басылған, киімдері үтіктелген, етіктері және айылбастары тазартылған, жаға астары жуылған, төсек орындары сызғыш бойымен жиналған күйінде болды. Одан басқа, барлық көрсеткіштер бойынша рота алдыңғы қатарда болды: «дедтерден» таяқ жеуден жасқанған «духтар» жарыстарда бәрінен тез жүгірді, рота саптық адымды кремль қарауылынан артық ұстады, барлық жауынгерлік көрсеткіштер жоғары деңгейде болды. Үрей адамдарды ғажайыпқа жетелейді.       

Лейтенантта болса барлығы керісінше болды. Ол өз алдына «әлімжеттікті» жойып, өзінің ротасында жарғылық тәртіп орнатуды  мақсат етті. Ол түні бойы ротада отырып, «дедтердің» «духтарды» қорламауын қадағалады, жасаққа бірнеше «дедті» бірге жіберді (бұл дегеніміз, жұмыс орындалмай қалады, себебі «дедтер» ещқашан қолға сыпырғыш алмас), «духтардың» «дедтер» басына шағымдарын мадақтап,  «дедтерді» кез келген бұзышылық үшін жазалады. Нәтижесінде бұл рота үнемі соңғы қатарда болды, сабау фактілері анда-санда бетке шығып отырды, тәртіп бұзышылық және жауынгерлік оқулардың ең төмен көрсеткіштері де осында болды.

Капитан үнемі лейтенантты мазақтап, келесі сөздер айтып отырды: «Қалай үздік оқушы (лейтенант әскери академияны үздік бағалармен бітірді), кімнің жүйесі жақсырақ?».

Лейтенант күйгелектеніп, ашуланып, былай жауап қайтарып отырды: «Сен не істеп отырсың? Сен әскердегі заңсыздық пен былапыт тәртіпті мадақтап отырсың! Сен билік қызметіне қылмысты қойдың! Сен әскерді ішінен қайрап отырсың!».

Олар арасындағы талас келісімге келмей отырды. Әрқайсысы өз пікірінде қалды.

Кейін Перестройка (қайта құрылыс) Кеңес армиясына да жетті. Әлімжеттікпен қүресе бастады.  Бірнеше «дед» сотталды, бірнеше офицер қызметтен кішірейтіліп, басқа бөлімге жіберілді. Солардың арасында біздің капитан да болған.

Кетер алдында ол біраз уақыт темекі тартып тұрғаны есімде, ол сергектеніп, соңында лейтенантқа былай деген: «Бәрі босқа кетті. Әлімжеттіктің жөні болды. Үрей – тәртіпті қолдаудың ең күшті құралы. Ал сіздер болса демократия мен демагогияны дүниеге әкелесіңдер. Бейберекет болады». Айтты да кетті.

Бұл екі офицер мен олар арасындағы талас көз алдыма жиі келіп тұрады. 

Comments: 0