Шетелде ең алдымен ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас айырмасы айқын көрінеді.

      Біздің отандастар (қандай республикалардан, білмеймін, бірақ орысша сөйлейді) адамдардың көзінше айғайлап, өз балаларын ұрып-соғатын болады. Басқа ешкімнен осындай көріністерді, тіпті кедей Африка елдерінің өкілдері қатысында да байқаған жоқпын.

      Еуропалық және американдық мәдениеті мүлдем басқа болып табылады (Оңтүстік-Шығыс Азия да оны қабылдап алған сияқты). Мұнда өз балаларын жалпы жұрт көзінше ұрып-соғатынын ешқашан көрген емеспін. Мен ата-аналар өз балаларын бақырып, шапалақтап жүргенін байқамадым. Ата-аналардың жүректі жылытатын көріністі көптен көп тамашаладым. «Нoney» (тәттім), «baby» (балам) және т.б. сөздерді естіген болдым. Тіпті бейтаныс адамдар біреудің баласына күлімдеп, кәмпит беріп, бетінен сипалап, қолымен толқындатуға өздерінің парызы деп санайды. Сіз басқа адамдардың балалары қатысы бойынша өзінізді олай ұстамағанда, ақжарқындығын жоқ және күдікті болып көрінесіз.

      Осындай сүйікті, мейірімділікпен өсірген балалардан жақсы, әдепті, сыпайы, көшеде қарсы келе жатқан адамдарға күлімдеп, жол беретін, оларды түртіп қалсан, кешірім сұрайтын адамдар өседі ғой.

      Ал соққыға, ұрысқа, қорлауға жығылған балалардан кім шығады? Олар содан соң ана-анасына жаман сөз айтып, қорлап, дауларда күшің – бас дәлел, ал бассыздық – сол кұштің көрсетуі ретінде санаган, сол мінез-құлық түрін отбасынан қоғамға жіберіп, және көшелерде өз-өзін өрескел ұстап жүреді. Сонымен қатар, күшіне табынушылық артынша тіпті мемлекеттік деңгейге деін шығады. Көрші ел бауырластық дәрежесін тұсіріп, әлсізденіп тұрғанда, одан жер бөлімін тартып алуға тырысатын, көршілеріне зымырандарымен қауіп төндіріп, бұкіл әлемге кім мұнда бас екендігін көрсетуді айбын деп санайтын адамдар – нағыз сол балалар. Дәл осы адамдар айналасындағылардан құрметтеудін орынына қорқыныш сезімін армандайды. Олардың билік пен үстемдік табынуы әрдайым анық көрінеді.

      Мен болсам, мұнда тікелей байланысты көріп тұрмын.

      P.S. Әрине, кез келген әдетте сияқты, ерекшеліктер бар. Еуропаның ішінде де қанішерлер және вандалдар бар. Ал біздің бұрынғы кеңестік республикаларда тамаша, зиялы отбасылар көптеген. Бірақ жалпы жүйелілігі құралсыз көзбен көрінеді.

 
Comments: 0