Маған қатты әсер еткен кітаптардың бірі.

Оқымағандар үшін оның қысқаша мәні мынадай:

Мінсіз басшылар болуы мүмкін емес. Өйткені басшыда сыйыспайтын 4 қасиет қиыстырылу қажет:

1. Генератор.

Басшы идеяларды түрлендіру қажет. Ол жаңа бағыттарды ойлап табу, жаңа мақсаттар мен шыңдарды қою қажет. Жаңашылдықсыз басшы қандай болса да ұжымды «батпаққа» айналдырады да оны құртады.

2. Орындаушы.

Идеядан идеяға, істен іске сенделмей, оларды жарты жолда қалдырмау үшін басшы айтарлықтай мықты және талапкер болу қажет. Ол барлық істерді ақырына дейін апаруға және қойылған мақсаттарға жетуге міндетті. 

3. Байланыс құрушы.

Басшы адамдармен тату болу қажет. Команданың әр мүшесінің бабын табу қажет, сонымен қатар мүлде әртүрлі адамдарды біріктіруді білу қажет.

4. Ұйымдастырушы.

Мекеме жөнге салынған механизм сияқты жұмыс істеуі үшін басшы бизнес-үдерістерді және логистиканы құрастыруды білу қажет. Онсыз бейберекеттік пен астан-кестен болады. 

Көріп тұрғандай, бірінші қасиет екінші қасиетпен қиыстырылмайды, ал үшінші – төртіншімен.   

«Генератор» әдеттегідей үйірімпаз, жігерлі, бірақ жинақы емес. Және де ол бір уақытта «Орындаушы» бола алмайды. Осы екі қасиеттің бірі екіншінің зарарына басым болады. 

Дәл солай «Ұйымдастырушы» да әдеттегідей асқан дәлшіл, қазымыр қыңқылдақ болады және де бір уақытта «Байланыс құрушы», яғни «ақкөңіл жігіт», жалпыға сүйікті және компанияның жаны бола алмайды.  

Немесе қатаң және қыңыр «Орындаушы» дәл сол уақытта жақсы «Байланыс құрушы» бола алмайды. Осы басшыда бірдеңе бәрібір көбірек болады, бірдеңе – азырақ.

Сондықтан мінсіз жағдай – ол мекеменің басшылығында жұп болғаны: бірінші басшы – идеяларды түрлендіруші мен жаңында адамдарды біріктіре алатын және оларды бастап апара алатын үйірімпаз тұлға, яғни біріккен «Генератор» мен «Байланыс құрушы».

Ал оның орынбасары – ол бірінші басшының барлық идеялар әдісқой және сенімді аяғына дейін жеткізілу үшін ұжымның жұмысын реттей алатын  асқан дәлшіл, қазымыр  «Орындаушы» мен «Ұйымдастырушы» болу керек.

Әрине, өмірде басқа да қисындасу болуы мүмкін, бірақ бір адамда барлық қасиеттердің және жоғары шоғырлануда бірігіп қосылуы мүмкін емес.

Міне неліктен Ицхак Адизес мінсіз басшылар болмайды деп айтады. Осы кітапты міндетті түрде оқыңыздар.

Өте қызық және пайдалы.  

Comments: 0