Бір жолы Италияда жергілікті жігітпен сөйлесіп қалдым. Ол автосервисте айырбасқа оған кішкентай машина бергенін айтып назаланды. 

– Айырбасқа дегені қалай, – деп мен сұрадым.

– Ал, мен жөндеуге өзімнің БМВ Х5-ді тапсырдым, олар маған оның орнына седан 316-ны берді. Ойлап көре аласыз ба? Олар үш күн менің машинамды жөндегенше мен кішкентай тар «үштікпен» жүруім керек. Шынымен, ол судай жаңа, бірақ-та бәрібір. Дәл осы сәтте оларда менікі сияқты класты машина жоқ болып қалыпты. Басбұзарлық қой!

– Сіздің машинаңызды автосалонда жөндегенше, олар сізге басқа машинаны жүруге тегін береді ме сонда?

– Әрине ғой. Үш күн бойы мен енді бірдеме қылып жүруім керек қой.  Ал, не? Сендерде бұлай емес пе еді?

– Әй… білмеймін. Машинамды жөндетпегініме көп болды.  

Comments: 0