Жақында мен итальяндық поезбен серуендеп жүріп өттім.

Билетті интернет арқылы сатып алғанымнан бастаймын. Иә, бірақ бұнымен бізді,  қазақтарды, таңғалдыра алмайсың ғой. Біздің ҚТЖ-да оны өзінің сайты арқылы баяғыдан сатып жүр. 

Әңгіменің мәні вагонның кіре берісінде ешкімді кездестірмегенде болып тұр ғой. Сізді басыңнан аяғыңа дейін қарап шығатын және құжатыңызды мұқият тексеретін жолсерігі болмады. Пойыздың кез келген вагонына кіріп, одан кейін өзініңдікіне бара аласыз. Вагондар арасындағы есіктер автоматтандырылған, оларды күрсілмен және күш салып ашу мүлде қажет емес.

Тек қана жолдың ортасында мен жолсерікті, дұрысын айтқанда, кондукторды көрдім. Ол вагон бойымен келе жатып, билеттерді тексеріп жүрді. Біреулерде қағаз билеттер болды, ал мен оған код-сызықшасы бар электронды билетім ашық тұрған телефонымды ұсындым. Ол код-сызықшаны өзінің телефонына қондыра салды. Оның телефонында бірдеңе шиқ етті. Жолсерігі күлімсіреп, маған алғысын білдірді де әрі қарай кете берді.    

Менің түсінуімше, бір мобильдік қосымша осылайша жұмыс істейтін сияқты. Ол код-сызықшаны салыстырып оқиды да, мені билет сатып алушысы ретінде сәйкестендіре салады. Барлығы автоматтандырылған түрде жасалады. Жолсеріктің қолында тек қана оның ұялы телефоны бар.

Біздің жақта қашан осылай болады екен?     

Comments: 0