Қазақстанда мезгіл-мезгілімен көп некелілікті заңдастыру туралы мәселе көтеріліп тұрады. 

Бұл тақырып бостан-бос шықпайды. Дерек ақиқат болып қала береді: әйелдер саны еркектерден артығырақ. Әйелдердің көбі өзінің өмірлік серіктерін таба алмайды және өмір бойы жалғыз тұрып, бақытсыз болады деген сөз. 

Ал олардың арасындағы үйленген ер азаматтармен өзінің өмірін қосуды шешкендер қызғылықсыз құқықтық жағдайға дұшар болады: ол ресми түрде оның зайыбы деп есептелмейді, ол да және оның балаларында мұрагерлік құқықтары жоқ және т.б. Барлығы біздің заңнамамызда адам үйленген болса, тағы үйлене алмайды деген нақты көрсетілгендіктен.

Қазақстанда көп некелілік институтын заңдастыру қажет деп есептеймін. Бірақ кейбір шарттармен.

Біріншіден, қарым-қатынастарға барлық қатысушыларының, яғни, күйеудің, бірінші әйелінің (әйелдерінің) және жаңа әйелінің келісімі. Барлықтары бір-бірі туралы білулері қажет және де осындай қарым-қатынастармен келіскен болу қажет.  

Екіншіден, жыныстардың теңдігін қамту үшін сонымен қатар көп күйеулікке де рұқсат ету қажет, яғни, әйелдер де, еркетермен бірдей, бірнеше күйеулері болуға құқылы. Қазақстанда бұндай жағдайлар өте сирек кездесетін шығар, бірақ мұндай мүмкіндікті де естен шығармау қажет.

Көптеген қазақстандықтардың жағынан көп некелілікті мінеп-сынауды болжап отырмын.

Бірден олардың кең таралға дәлелдеріне жауап қайтарайын.

Көпнекелілік жанұялардың ыдырауына апарып соғады дейді. Келіспеймін. Егер екінші әйелді бірінші әйелдің (әйелдердің) келісімімен үйге кіргізсе, жанұяның ешқандай ыдырауы болмайды. Келісім жоқ жерде тоқал да жоқ.

Егер бірінші әйелдер күйеулерінен айырылып қалудан қорықса, оларды заңды салынған тыйым арқылы ұстап қалу ақымақтық қой. Жанұяларды көп некелілікті заңдастыру емес, махаббат пен өзара түсінушіліктің жоқтығы ыдыратады.

Көбі нақты бар нәрсені неменеге заңдастыру қажет деп айтады да. Қазақстанда шынында көп некелілік жанұялар бар да. Бұл жағдай, керісінше, менің дұрыстығымды дәлелдейді. Егер шынында солай болып тұрса, онда біз неден қорқамыз екен? Екінші некені заңдастырып, біз тек қана тоқалдың және оның балаларының болашаққа деген сенімділіктерін нығайтамыз.

Интернетте тағы бір мынадай дәлелді оқыдым: Парламенттегі ағатайлар осылайша өздерінің тоқалдарын заңдастырғылары келеді. Ал енді не сонда?! Не, ағатайларға қасақана қисынды нәрселерге қарсы шығуымыз керек пе? Ағатайлар осыдан бір рақаттанып қалсын. Егер де бүкіл қоғам ұтып алса, онда Құдай үшін! Мүдделердің бірдей дәл келгеніне қуану керек қой. Көп некелілікті заңдастырудан ер азамат емес, тоқал мен оның балалары ұтыста болатынын еске салып кеткім келеді.

Көпнекелілік біздің мемлекетімізді артқа қарай, орта ғасырларға, серпітеді деп те айтады. Мүлде олай емес. Әр қоғам дамиды және де дамудың кейбір кезеңдерінде кейбір салаларда қарым-қатынастардың алуан түрлері болуы мүмкін. Мен біз, керісінше, алға жылжимыз деп ойлаймын, өйткені адамдарға таңдау еркіндігін көбірек беретін боламыз.

Кейбіреулер көпнекелілік біздің қоғамымыздың исламдануының белгісі деп санайды. Келіспеймін. Жеке өзім, атеист бола тұра, көпнекелілікті заңдастыру туралы ұранымды Исламмен еш байланыстырмаймын. Мен үшін азаматтың таңдау құқығы, оның еркіндігі маңыздылау болар.

Тағы мынадай дәлелді де естігенмін: жарайды, Ислам төрт әйелге дейін алуға болады деп рұқсат етеді, бірақ біздің мемлекетіміз көп конфессиялық қой. Христиандар, католиктер және т.б.-мен сонда не болмақ?

Бұндай сұрақты сандырақ деп санаймын. Рұқсат деген міндет емес қой. Бірнеше әйелді болмаймын десеңіз – алмаңыз. Бірақ басқаларға неге тыйым саласыздар?

P.S. Жеке өзім тоқал алмаймын, бірақ бұған шамасы келетіндерге және  қалайтындарға осындай құқықты беруді ардақты борышым деп санаймын.    

Comments: 0