Менің танысымның ұлы Чехияның бір университетінде білім алып жүр.  

Жуырда ол баласының хал-жайын білу үшін барып келді. Ұлының курстастарын, көбінесе чехтарды, қазақ ұлттық тағамдарымен сыйлайыншы деп, жатақханада дастархан жайды. Отырыс алдында ұлы шешесіне кенет былай деді: «Анашым, сен менің достарымның көзінше өзіңнің «Dior» сөмкеңді және iPhone-6-ны шығармашы, өтінемін». «Неге?» – деп менің танысым аң-таң болып қалды. «Білесің бе, – депті ұлы, – бұнда өзінің байлығымен мақтануды және оны көрмек үшін көрсетуді жақтамайды. Ол жаман әдет деп саналады. Кейін мені мазақтайтын болады».

Менің танысым қаншалықты есеңгіреп қалғанын елестетіп көрдіңіздер ме? Ол Қазақстаннан келді ғой.  

Comments: 0