Мағынасыз ырымшылдық туралы.

     Барлығы біздің қазағымыздың «көз тиеді» деген наным-сенімін біледі.

     Қазіргі білімді адамдар әлі күнге дейін осы бос сөзге сенеді: 40 күнге дейін жаңа туған сәбилерін бөтен көзден жасырып, маңдайларына күйе жағып, киімдеріне түйреуіш тағып, сүйкімді бүлдіршіндерге өзінің тура мағынасында айтқанда – түкіріп, тіпті, бұл мағынасыздықтың заманауи түрі – әлеуметтік желілерде баланың суреттерін жануарлардың бетімен жасырады. Бұл ортағасырлық қараңғылық пен заманауи технологиялардың айқын тоғысуының көрінісі!

     Білесіздер ме? Егер бұл мағынасыздық, яғни көз тию, шынымен әрекет етсе, онда Еуропада балалар өлімінің ең жоғарғы көрсеткіші болар еді. Оларда ешкім тіпті бір жасқа дейін де өмір сүре алмас еді. Себебі, туғаннан кейін алғашқы күндерден бастап, олар балаларын көпшілікке шығарып, далада серуендеп, достарына, таныстары мен көршілеріне мақтана көрсетеді. Соның өзінде, оларда ешкім балаға ұрысып, «Өй, жаман бала!» деп айтпайды, керісінше елжіреп, шаттанып, қошемет сөздерін үйіп-төгеді. Біздің түсінігіміз бойынша, бұл мүмкін болмайтын әрекет! Дереу апаға барып, баланың басынан адыраспан тұтатпаса, бала ауырып қалады немесе кем дегенде оның тәбеті қашып, түнгі ұйқысы бұзылады.

     Жоқ. Сіздер шынымен осыған сенесіздер ме? Екі жоғары білімге ие бола отыра, оның бірі әрбір екінші адамда – медициналық білім болғанымен, ештеңені түсінбейтін балаға қарау – оның тәбетін қаштырып, ұйқысына кері әсерін тигізетініне сенесіз бе?

     Кейде мені: «Біз дұрыс іспен айналысып жатырмыз ба?» – деген сұрақ мазалайды.  Бізге медицинаны дамытып, үлкен медициналық кластерлерін құрып, қымбат жабдықты сатып алып, әлемдік ғылым қайраткерлерін шақыру керек пе? Не үшін? Егер мұнда адыраспан ұстаған апа басшылық етсе?

     Мүмкін бірінші кезекте, өзіміздің санамызды дұрыстағаннан бастау керек шығар?

Comments: 0