Карл Маркстың «олигархиялық капитализм – билік пен капиталдың қосылуы» дегені есіңізде болар. Кейде осының белгілерін бізде де байқаймын. Ірі бизнесмендер әкімдермен тығыз қарым-қатынаста болып, бір уақытта өз шарттарын қоя бастайды, тіпті аудан әкімдерінің орындарына сенімді адамдарын тағайындап, қалаған бағыттарына жол салуды қаржыландырады, жылдан жылға мемлекеттік тапсырысты ұтып алады, сот үкімдеріне ықпал етеді, ақыры жеке көліктеріне «әкімшілік нөмірлер» алуға дейін барады.

          Бұл жағдай көпшілікке ұнамайтыны анық.

          Мемлекет, жалпақ жұрттың мүддесін қорғаушы ретінде,  капитал иелеріне бағынышты не тәуелді болмау қажет.

Comments: 0