Алдыңғы ғасырдың басында Ресейде «қара жүздер» сияқты құбылыс өркендей түсті.

      Басында бұл орыс шовинистердің және антисемиттердің еврейлерді және монархия жауларын белсенді түрде жәбірлейтін бейресми қозғалыс болды

      Уақыт өте келе осы сөздің мағынасы өзгерді, бірақ менің түсінігім бойынша «қара жүздер» – мемлекеттің ашық енжарлығы кезінде өкіметке ұнамсыз қарсылық әрекеттерді күшпен басатын билік тәртібінің астыртын айдап салушылары болып табылады. Олар өкіметтің өзінің ішкі қарсыластарына қалайтын, бірақ жасауға жасқанатын әрекетерді өз қолымен жасайды.  

      «Қара жүздер» мемлекеттің саяси жағдайы шиеленіскен кезде пайда болады. Олар өкіметтердің жасырын әрекеттері нәтижесінде ал кейде олардың қатысуынсыз-ақ, жалпы мемлекеттік саясаттың толқынында пайда болады.

      Бір жақтан қарасаң Путиннің өзі «Pussy Riot» қыздарын қамшымен сабалауға, Немцовты өлтіруге, Навальныйды ұрып соғуға бұйрық бермеген болатын. Алайда Кремлдің насихаттық машинасы риторикамен қарсы сөйлеушілерге қатысты қорлағандық болып саналатын өзінің ура-патриоттық ұрандарымен және дөрекі тәртібімен халықты үндегені соншалықты, оларға енді бұйрық берудің қажеті жоқ. Олар берілген бағыт бойынша әрекет етеді. Өкіметке «қара жүздердің» әрекеттерінің игіліктерін көру, шараларды қабылдау туралы көзбояушылық жасау және «жеке қылмыстық элементтердің» әрекеттеріне сылтау жасау қалды. 

      Осындай тәсіл қолданылған және кез-келген авторитарлық мемлекетте қолданылуы мүмкін. 

Comments: 0