Қазақ тілін оқу қажеттілігі туралы әңгімелерде бұрыннан айтылып келе жатқан сөздерді жиі естимін, мысалы: Қазақстанда жақсы оқулықтар жоқ, әдістемеліктер жоқ, оқыту орталықтары жоқ, мұғалімдер жоқ.

          Осындай дәлелдерге ешқашан құлақ аспайтынмын, өйткені кім іздейді – сол табады деген қағидаға сенімді болғанмын. 

          Алайда шағымдар саны посттан постқа артып жатты.

          Сол кезде ойланып қалдым. Мүмкін менің айтқаным дұрыс емес шығар және бұл үлкен мәселе болар.

          Сондықтан қайтадан бәрін тексеруді жөн көрдім. Мен бірденені іздесем, әдеттегідей «Google» іздеу жүйесін қолданамын. Ең алдымен іздеу жолында «қазақ тілін өзі үйреткіш», содан кейін – «қазақ тілі оқулығы», содан соң – «қазақ тілін оқыту орталықтары», содан соң – «қазақ тілін үйретуші» деп жаздым. 

          Сіз білесіз бе? Мен осы тақырып бойынша ондаған сайттарды және хабарландыруларды тауып алдым. Ғаламтор берген нәтиже бойынша оқу материалдардың оқу орталықтарының, ұсыныстардың, тіпті қазақ тілін үйретуге дайын ойындардың саны өте көп болды.

           Мүмкін біреудің Google арқылы осыны іздеуге уақыты жоқ және оған барлығын тауып беретін, әрі қолына әкеліп беретін адам керек?

           Ендеше жақсы. Мен осының барлығын жасадым! Мен бүкіл сайттарды қарап шығып, бір параққа барлық қажетті ақпаратты жазып алдым. Төменде оқулықтар мен өзі үйреткіштердің, оқыту сайттарының, оқу орталығы мекен-жайларының, үйретушіні іздеуге арналған сайттың және күніне 5 минуттан қазақ тілін оқуға болатын ойын түріндегі қолданбаның сілтемелері көрсетілген.

           Қазақ тілін үйрене алмай жүрген адамдар үшін тағы не жасай аламын?!

           Мүмкін олар қазақ тілін оқып үйренгісі келмейтін адамдар шығар?

           Қалай болғанда да, қазақ тілін оқуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы маған шағым түскен жағдайда, мен сол адамдарды осы постты көруге жіберетін боламын және қазақ тілін оқуға барлық қажетті материалдардың жоқтығы туралы өтірікті осылайша жоққа шығарамын. 

Comments: 0