Қазақ тілі әлі даму мен қалыптасу үрдісін өткеріп жатыр. Тәуелсіздіңтің алғашқы жылдары жаңа құбылыстар мен заттарға тек «қазақи» балама ойлап табу сәнге айналды. Бұл орысшадан мүлдем бас тартумен түсіндірілгенмен, бұл сөздердің төркіні батыс жақта екендігіне ешкім мән бермейтін. Осы кезеңде қазақ тілінде «күйсандық» – «пианино», «әуежай» – «аэропорт», «ғаламтор» – «интернет», «ұшақ» – «самолет» және тағы басқа сөздер пайда болды.

      Кейін қызық жағдай орын алды. Қазақтардың бір бөлігі бұл нелогизмдер мен ұлтшылдардың қазақ тіліне сырттан келген сөздерді жуытпауға деген талпынысын келемеждей бсатады. Қоғамдық пікір күрт өзгеріп, енді көпшілік «әуежай» мен «ғаламтор» сынды жаңа аудармалардан жаппай бас тарта бастады. Тіпті бұл аудармалар кейбір сөздіктерден де алынып тасталды.

      Меніңше, артық қыламыз деп, тыртық қылып алған сияқтымыз.

      Сөздік қорымызға шетелдік сөздердің енуіне қарсыласудың қажеті шамалы. Мысалы, пошта, зауыт, кәмпит сынды қазақтарға таңсық болған сөздер қазақ тілінің қазанына қайнап, қолданысқа жақсы сіңіп кетті.

       Қазақ тілін кемсітіп, шетелдік сөздерді көзсіз көшіруге де жол бермеуміз қажет.Мысалы, қазақ тілінің сүзгісінен өткен әуежай мен ғаламтор сынды сөздерден неге бас тартып, түпнұсқаларын тілімізге енгізуіміз қажет. Құлаққа жағымды, тілімздің шырайын келтіріп тұрған нұсқамыз бола тұра, түпнұсқаны сол күйінде неге көшіруіміз қажет?

       Бұл мәселеде жалған ұрандар мен науқаншылыққа жол бермей, жаңа сөздерді тілдік сүзгіден өткізіп алып, ең ыңғайлы әрі тиімді баламаларды сөздік қорымызға қосу қажет.

Comments: 0