Орындалды!

     Қазақстан ДСҰ-на кірді.

     Ал енді, үнемідегі сияқты, орындалған оқиғадан кейін алып, бәрін өлшейік те, бізге бұл керек пе, жоқ па екенін ойластырайық. 

     Ең алдымен, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы дегеніміз не?

     Қарапайым тілмен айтқанда, бұл тауарлар мен қызметтер бір елден бір елге тұтынушылардың қуанышына орай еркін сатылуына жауапты халықаралық ұйым. Бұл үшін ДСҰ қатысушы-мемлекеттердің үкіметі шеттен әкелінуге жоғары кедендік баж салықтары, үлестері, рәсімдік кесітушіліктер және тағы басқалар түріндегі сияқты кедергілерді ұйымдастырмауды қадағалайды. 

     Сыртынан қарағанда, бәрі өте әділ, еркін, капиталистік көрінеді.

     Неге капиталистік? Өйткені ашық бәсекелестік жағдайда нақты мықтылар ғана жеңіп шығады.

     ДСҰ-ға кіру, ең бастысы, кірген елдің шетелдерге тауар шығаратындар үшін пайдалы болады, яғни, өздерінің тауарларын басқа елдерге шығаратындар үшін пайдалы екендігін түсіну қиын емес.

     Ал енді бізде Қазақстанда ДСҰ-на кіруге кім қуанатынын көрелік.

     2014 жылда біз 78,2 млрд АҚШ долларына өнімдерді шетелге шығардық. Сонымен қатар шетелге шығарудың жідігінің майлы басы   – ол мұнай мен мұнай өнімдері (77,6 %), металлдар мен олардан жасалған бұйымдар (8,3 %), химиялық өнім (3,8 %). Егер сәл тереңірек қазып жіберсек, біздің мұнай өнімдерімізді импорттаушылар – ол Еуропа (Италия, Швейцария, Голландия) екендігін көре аламыз. Бірақ, менің білуімше, бұл елдерге мұнай өнімдерінің экспорттануымен ешқандай мәселелер болмағын. Металлургиялық өнімді біз көбінесе Ресей мен Қытайға жібереміз. Яғни, тәжірибеде ДСҰ-ы Ресей мен Қытай біздің металдарға кедергі қоюға рұқсат бермейтініне қуануымыз керек сияқты. Бірақ та …  Ресеймен біз Евразиялық экономикалық кеңестің мүшесі болып тұрмыз. Кеңес ішіндегі тауарларға баж салынбайды. Ресеймен келіссөздерде ДСҰ-ы бізге көмекші бола алмайды.  Қытайға келіп тоқтасақ, оның ДСҰ-на деген көзқарасы және де халықаралық сауда талаптарын елемеушіліктері белгілі. Біздің Қытаймен таластарымызға ДСҰ-ның әсер етуі жөнінде менде кейбір күмәнім болып тұр.

     Ал басқа, маңыздылығы кемдеу айқындамалар бойынша ше? Бәлкім, атап кетуге болатынның бірі – ол бидай мен ұн сірә. Түптеп келгенде, осы өнімді шетелге шығаратындар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінен ұтап алуға қажет сияқты. Бірақ … тағы да қиыспаушылық. Қазақстандық бидай мен ұнның импорттаушылары болып Иран, Ауғаныстын, Тәжікістан, Өзбекістан, Әзірбайжан болып табылады. Тағы да Иран мен Ауғаныстан ДСҰ-ның мүшелері емес, және де оларға бұл ұймның талаптары парықсыз болады. Ал Тәжікістан, Өзбекістан және Әзірбайжан ТМД мүшелері болғандықтан біздің тауарларымызды мүлдем кедендік баждарсыз өткізулерлері қажет. Шынында, Өзбекістан кедендік баждың орнына ұнға акциздік салық енгізіп, бұл талапты орағып өтіп кетеді. Тағы да онымен таласта ДСҰ-ы бізге көмекші емес деп ойлаймын.    

     Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінен біздің негізгі экспорттаушыларымызға пайдасы соншалықты зор емес екені анық болып шығады. 

     Енді Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне шынында қуанбайтындарына қатыстысы. Мен өнімдерді шығаратын қазақстандық өндірушілері туралы айтып отырмын. Бұдан былай біз оларды жоғары кедендік баждармен және де басқа ветеринарлық, фитосанитарлық және экологиялық айла-әрекеттермен қорғай алмаймыз.  Бұл жаман ба? Олар үшін түптеп келгенде   – жаман. Бірақ жақсы жаңалық та бар. Ауыл шаруашылыққа қатысты (ол ең сезімтал сала) ДСҰ-да көзделген мемлекеттік қолдаудың деңгейіне жетпей де тұрмыз   – ЖІӨ-нен 10 %. Қазір біздің демеуқаржымыз 4,6 % мөлшерінде бағаланады. Яғни, бізде ауыл шаруашылығына жәрдем ақшаны төмендету емес, жоғарлатуға мүмкіндігіміз бар. Шынында, біз бұл мүмкіндікті ДСҰ-сыз да пайдаланбаймыз, ДСҰ-мен де пайдаланбаймыз деп ойлаймын.

     Ал кедендік баждар және үлестермен мәселе бар. Мысалы, қазіргі кезде Қазақстан құс етін енгізуге шектемелі үлесті қолданып отыр. Осы өнімді 110 мың тоннасына дейін килограммына 25 евро көлемінде төмендетілген бажбен енгізуге болады, ал одан көбін – килограммына 80 евро көлеміндегі бажбен енгізеді.

     Және ДСҰ-мен келіссөздер кезінде олар үлесті жоғарлатуды немесе шектемелі бажды мүлдем алып тастауды талап етті.

     Ең соңында біздің келіссөздерді жүргізушілер не туралы уәделескендері туралы мен беймәліммін, бірақ американдық «Буштың аяқшалары» отандық сан еттерін ығыстырып шығарып тастайтыны анық болды. Бұл бүктірілген тізеден тұрып келе жатқан құс шаруашылық саласы үшін ауыр соққы болуы мүмкін.

     Менің білуімше, осындай жағдай қант қызылшасының отандық өндірісіне де төніп тұр. Біз қант құрағын әкелуіне сараланған баждың маусымдық мөлшерлемесін қолданамыз. Жергілікті қызылшаның өнімін жинау маусымында (күз – қыс) баж жоғары, ал басқа уақытта – төмен.  Бразилия ДСҰ-ы арқылы қысқы маусымдағы жоғарлатылған баждарды алып тастауға көндіруі мүмкін. 

     Қалған ауыл шаруашылық тауарлық топтары бойынша мәселердің болуы мен үшін беймәлім нәрсе. Егер мен ұмытпасам, қазіргі мөлшерлемелер ДСҰ-ның талаптарына дәл келеді, сондықтан біздің үкіметімізге ерекше ештеңені ауыстыру қажет емес. Сондықтан ауыл шаруашылығы бойынша, яғни, құс еті мен қанттан басқа азық-түлікке ДСҰ-на кіру қазақстандық тұтынушыларына ерекше әсер етпейді.

     Басқа салалар бойынша пікірімді айта алмаймын.  Біздің келіссөздер жүргізушілер не туралы уәдескендері туралы менде нақты ақпарат жоқ. Бірінші ақылға келетін – ол машина жасаудың мәселері. Шетелдік көліктерге, тракторларға, ауыл шаруашылық техникасына жоғары кедендік бажсыздар басыбайлы өндіріс үшін айтарлықтай қауіпті төніп тұрады.  

     Жоғарыда айтылғанды түйіндеп, келесіні айтуға болады.

     ДСҰ-ға кіру қазақстандық өнімдерінің сыртқы нарықта ілгері басырылуына айтарлықтай артықшылықтар әкелмейді. Бірінші кезекте, біз сатып алушы – елдерде қатты қарсылық кездестірмейтін тауарлардың тізбектемесін экспортқа шығаратынымыздан, ал екінші кезекте, бізде мәселелер туылған жағдайларда ДСҰ-ы бізге көмек көрсете алмайтынан.

     Тауарларымен ішкі нарықты қамтитын отандық өндірушілер үшін шығын бірнеше салалар бойынша елеулі түрде болуы мұмкін.  Өндірушілердің негізгі көршілігі үшін жаңалықтар ерекше әсер ете қоймас.

     Осындай жағдайда Қазақстанның ДСҰ-ға кірудің басты артықшылығы ретінде саяси және бедел-бейнелікті көремін. Біздің еліміздің өркениетті халықаралық саудагерлердің клубына кіргені, сөзсіз, біздің беделімізді жоғарлатады және де бұнда ойын барлық тәртіптерге сәйкес жүргізілетіні инвесторлардың сенімдерін күшейтеді. Осындай бедел-бейне, бәлкім, лезде емес, кезі жеткенде тікелей инвестициялар түрдегі экономикалық әсер етер, сірә.  

Comments: 0