Қазақстандық кеденді сыбайлас жемқорлық жанжалдары жиі дүрліктіреді.

Менің ойымша, бұл жеке адамдардың емес, жалпы жүйенің мәселесі.

Қандай да бір лауазымға кімді тағайындаса да, белгілі бір  уақыттан кейін қылмыстық іске араласып немесе өзінің схемасын құрады.

Мәселенің түп-тамыры мемлекеттің саяси жүйесінде.

Сыбайлас жемқорлық демократиялық емес авторитарлық режимде кең орын алады.  

Авторитарлық құрылымда шенеуніктер сайлаушылардан емес, жоғарыда тұрған шенеунікке тәуелді, оларға ашық және көпшілікке жария болудың қажеттілігі жоқ. Кәсіби және адал болу басты міндет емес, басшының ісіне қатысып, жан тәнімен берілуі керек. Саяси жүйенің және мемлекеттік органдардың ішінде бәсекелестік жоқ. Барлығы туысқандық және кландық байланыспен өзара байланысқан.   

Сайып келгенде, бұның барлығы кез-келген мемлекеттік органда жемқорлықтың дамуына тиімді ортаға айналады.

Бұндағы шешім тек демократияны дамытуда. Барлық маңызды мемлекеттік лауазымдар сайлануы керек. Мемлекетте бір-бірін қадағалайтын, қарсыластарының кішігірім заң бұзушылықтарын анықтап, оларды әшкерелеп, келесі жолы қарсыластарын емес, сын айтушыларды халық сайлауы үшін шынайы оппозициялық партиялар әрекет етуі керек.

Осылай демократия жұмысын жасайды.

Және бұл сыбайлас жемқорлықтан құтылудың ең жақсы құралы. 

Comments: 0