Менің қарулас достарымның кейбіреуі Кеңес армиясының Күнін шетқақпайлауға шақырады.

Не айтуға болады?

Меніңше, бұл дұрыс емес.

Иә, бұл ғайып болған армияның мейрамы. Иә, бұндай мемлекет қазір жоқ та. Мұнда не тұр? Біз онда өмір сүрдік қой! Біз ең жақсы екі жылымызды өзіміз тұрған және сенген еліміздің армиясына бердік.  

Сіздердің ойларыңыз қандай екендігін білмеймін, ал өзім ештеңеден ұялмаймын. Мен борышымды адал өтедім және етік киген сол 730 күнді қазір жылы шырайлылықпен еске аламын.

Бұл мейрамды Ресей армиясының Күні деп түсінудің қажеті жоқ.  Бұл Кеңес армиясының күні. Және де ол ресейліктердікі, украиндіктердікі, тәжіктердікі, грузиндіктердікі сияқты біздікі де.

P.S. Мені дұрыс түсінуді сұраймын. Мен қазір СРКО аңсап тұрған жоқпын, тек менің жастық шағымды және халықтардың достығын аңсаймын. Ол шынында жақсы болды. 

Comments: 0